Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
4 000 м2
Пайдалануға берілді:
2010 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Әкімшілік ғимарат

Канада елшілігі Есіл өзенінің сол жақ жағасында, Қабанбай көшесі мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы астананың жаңа әкімшілік орталығында орналасқан. Архитектуралық тұжырымдама «Базис» компаниялар тобының бұрынғы серіктестерінің бірі – Zeidler partnership architects канадалық дизайнерлік бюромен құрастырылған. Елшілік ғимараты аз уақыттың ішінде бой көтерді. Бұл құрылыс материалдарының жөнге келтірілген қисындылығының арқасында жүзеге асырылды, ең алдымен біртекті құрылғыға арналған шегендеп бекітілген жүйенің құрамдас бөліктері құрылыс жұмыстарын анағұрлым жеңілдете түсті.

Ғимараттың кіреберісін салуда табиғи тас қолданылған. Мүсіннің айрықша дизайнерлік идеялары, авторлық ландшафт дизайны және кіші архитектуралық формалар елшілік ғимаратының, Астана қалысының осы бөлігіндегі бұрыннан салынған құрылыс кешендеріне үйлесе кетуіне, сондай-ақ оның көркін аша түсуіне үлесін қосты.