Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
20 000 м2
Пайдалануға берілді:
2001 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

2001 жылы Астанада  5 ғимараттан тұратын тұрғын үй кешені тұрғызылған болатын. Бұл жоғары санатты және ауқымды жобалардың алғашқыларының бірі болып табылады.

Кешен Есіл өзенінің жағалауындағы саябақтардың демалуға арналған аймағында орналасқан. Тұрғын үй кешенінде 110 пәтер бар, бірінші қабаттарда үй шаруашылығы бойынша қызмет көрсету орталықтары орналастырылған. Сондай-ақ кешен аумағында жабық автотұрақ бар. Кешен қолданысқа енгізілген уақытта жекеменшік автотұрақтың болуы Астана нарығындағы ноу-хау болатын.