Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
45 000 м2
Пайдалануға берілді:
2007 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Қонақ үй кешені

 «Думан» қонақ үй кешені Астананың іскерлік орталығында, Дөңгелек алаң, океанариум және «Зүбаржат» тұрғын үй кешенінен қол созым жерде бой көтерген. Ғимараттың төмендегі үш қабатарында қызмет көрсету орталықтары, ойын-сауық және спорттық кешендер, мейрамханалар мен дәмханалар, сондай-ақ конференциялар, келіссөздер, көрмелер және концерттер өткізуге арналған залдар орналасқан. Ал 4-тен 20-шы қабаттарда – астана қонақтарына арналған тамаша бөлмелер орын алған. Отельде 213 бөлме бар, оның 168 стандартты бөлмелер болса, 30 бөлме бір ұйықтауға арналған бөлмесі бар люкс санатты, 13 бөлме екі ұйықтайтын бөлмелі люкс санатты бөлме және де екі президенттік бөлмелер бар.