«Зүбаржат квартал» әкімшілік кешені

Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
250 000 м2
Пайдалануға берілді:
2011 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Әкімшілік кешен

 «Зүбаржат квартал»  ғимараттарының биіктігі 37 және 49 қабаттан тұрады. 49 қабаттық ғимараттың биіктігі  – 201 метр! Бүгінде бұл ғимарат Қазақстандағы ең биік ғимарат болып табылады. «Зүбаржат квартал» архитектурасының көптеген қайталанбас ерекшеліктері бар: 32-ші қабаттан бастап, келесі қабаттардың аудандары кеңейе түседі. Осылайша, ғимараттардың жоғарғы бөлігі 9 метрге ауытқи салынған ассиметриялы болып келеді. Ең биік ғимараттың салмағы  – 186 мың тонна. Оның негізіне бұрғыланып кіргізілген бағаналар мен қалыңдығы 3 метрге жуық фундамент тақталары салынған.

Кешен тұжырымдамасын құрастырған әлемге әйгілі архитектор Рой Варакалли және «Базис» Жобалау институтымен ынтымақтастықта жұмыс істеген Zeidler Partnership Architects (Канада) фирмасы болып табылады.