Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
57 197 м2
Пайдалануға берілді:
2017 Жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Итальян орамы» Астананың Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан. Кешеннің дәл жанында орын алған Есіл өзенінің әсем жағалауы мен Президент саябағы таңертеңгілік жаттығу мен спортпен айналысуға, кешкілік серуендеуге, достармен жағалауға шығып демалуға, балалармен қыдыруға шығуға, романтикалық кездесулерге арналған таптырмас орын. «Итальян орамы» итальяндық палаццолардың ең үздік дәстүрлерін қабылдап, қолданған.

Пилястрлармен, жеңіл аркадалармен, әсем анттаблементпен көркемдеп безендірілген  үйлердің симметриялы, үйлесімді бейнелері сізді Апеннин жартыаралына көшіргендей болады. Піл сүйегі түстес травертинмен безендірілген және мұқият таңдалып алынған алтын түсті мәрмәрдан соғылған үйдің алды Италияның ауасы мен көңіл-күйін сезіндіргіндей болады.