Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
415 000 м2
Пайдалануға берілді:
2008-2015 жылдар
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Базис» компаниялар тобымен салынған Mega Tower Almaty тұрғын үй кешені, Алматының оңтүстік-батыс бөлігінде, Әл Фараби даңғылынан төменірек, Розыбакиев көшесі мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауы арасында орналасқан. 

Ғимараттың сәнді архитектурасының астында берік біртұтас қаңқа жасырылған, ол Mega Tower Almaty 25 қабатты ғимараттарын жоғары дәрежелі тұрақтылық және сенімділікпен қамтамасыз етеді. Кешен үйлері  9-балдық жер сілкінісіне тұрақты етіп салынған, бұл бірнеше қайтара өткізілген сынақтар арқылы дәлелденген.   

Mega Tower Almaty үйлері аудиодомофондармен, өртті сөндіру және түтінді сейілту бойынша өртке қарсы жүйемен жабдықталған.

Пәтерлерде автономды жылуреттеуіштер және де мульти-сплинт-жүйелер орнатылған. 

Кешеннің маңайында таудан бастау алатын Үлкен Алматы өзені ағып жатыр. Өзен жағалауы – жас шөп пен масаты желекті, ыңғайлы орындықтары бар, көлеңкелі саябақты нағыз демалуға арналған орын болып табылады. Үйдердің есік алдында арнайы балалар алаңдары қарастырылған, олар әйткеншектер, құммен ойнайтын орындар, сырғанақтармен жабдықталған. Балаларға арналған кешен ерекше қаптамамен жабылған, ол балаларды жарақаттанудан сақтандырады. Қонақтарға арнап, балалар алаңынан жырақта ыңғайлы автотұрақтар қарастырылған.