Көлік және Коммуникация Министрлігі

Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
32 394 м2
Пайдалануға берілді:
2002 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Әкімшілік ғимарат

Көлік және Коммуникация Министрлігінің ғимараты «Дөңгелек алаң» архитектура туындысына үйлестіріле орнатылған. Бұл жоба үшін Түркия, Хорватия және Швейцарияның көптеген белгілі компаниялары бәсекеге түскен еді. Алайда «Базис» компаниялар тобымен ұсынылған жоба барлығынан үздік болып шықты.

Көлік және Коммуникация Министрлігінің ғимараты алдыңғы қатарлы заманауи инженерлік шешімдер және техникалық құрылғылармен жабдықталған. Ол жоғарғы қабаттар деңгейіне дейін жолаушылар ағымын бірқалыпты таратуға мүмкіндік беретін  10-жылдамдықты лифттермен қамсыздандырылған. 32-ші қабатта қала көрінісін тамашалауға арнлаған бақылау алаңы қарастырылған.