Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
32 400 м2
Пайдалануға берілді:
1999 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Әкімшілік кешені

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ғимараты – «Базис» компаниялар тобының көшбасшысы болып табылады. Архитектурасы және техникалық жағынан айрықша етіп салынған 12 қабатты қаржы Министрлігінің ғимараты, сол кездері тек айрықша архитектура үлгісі ғана болып қоймай, сондай-ақ техникалық жағынан күрделілігі де таңқаларлық құрылыс болған еді. Бұл сияқты жоба – кез-келген құрылыс компаниясы үшін күрделі сынақ. «Базис» компаниялар тобы бұл сыннан да сүрінбей өтті. Осыдан бастап «Базис» компаниялар тобының әр жобасы күрделеніп, әрі құрылыс-архитектуралық жағынан  анағұрлым қызықты бола түскені сөзсіз.

Қаржы Министрлігінің ғимараты Қазақстан туын бейнелейді. Оның алдыңғы жағы шығысқа қарап тұр, шуақты күндері оның көгілдір қабырғаларында күн сәулелері шағылысып, көшкен бұлттар әсерінен желбіреп тұрған ту бейнесін көзге келтіреді.