Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
130 000 м2
Пайдалануға берілді:
2008 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені  –Hi-tech стилінде орындалған, айрықша өжет жоба, бұл жоба Архитекторлар одағының халықаралық ассоциациясы сыйлығының иегері болып табылады.  Аталмыш жобада архитектура мен дизайн, құрылыс пен инженерлік жабдықтау аймағындағы алдыңғы қатарлы жетістіктер бір жерге әкеліп тоғыстырылған.

33, 37 және 42 қабатты үш өзгеше формалы мұнаралар солтүстік шұғыласының сәулелерін шындыққа айналдырғандай көрініс береді, бұлар Қазақстан астанасындағы әдемі жобалардың ішіндегі ең кереметінің бірі екендігіне күмән келтірмейді және де қала тұрғындары мен қонақтарының көз құртын келтіріп, таң-тамаша етуіне лайықты екендігі сөзсіз.  

Жоба тек формасының айрықшалығымен ерекшеленбейді. «Солтүстік шұғыласы»  тұрғын үй кешені, қатаң астаналық аязды күндері аталмыш ғимараттың тұрғындары 24 сағат бойы жылылықта және жайлылықта болатындай етіп ойластырылып, салынған.  Осы мақсатта барлық үш ғимарат үлкен стилобатпен біріктірілген, мұнда, сондай-ақ, инфрақұрылым объектілері де қарастырылған: мини-маркеттер, дүкендер, сұлулық салондары, кофеханалар, банк бөлімшелері және т.б.