«На Овражной» тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Новосибирск, Ресей
Жалпы алаңы:
30 450 м2
Пайдалануға берілді:
2008 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«На Овражной» (Овражныйда) тұрғын үй кешені Новосибирск қаласының орталығында Калинин алаңының және  «Заельцовская» метросының маңайында тұрғызылған. Дамыған қалалық инфрақұрылым, мектеп, балабақшалар, фитнес-орталықтар, дүкендер мен супермаркеттер, кешеннің тартымдылығын арттыра түседі. Кешен тұрғындарының қауіпсіздігін күні бойы, демалыссыз жұмыс істейтін эксплуатация және қауіпсіздік бойынша қызметтер қамтамасыз етеді. Кешен аумағы қоршалған, үйге кіреберісте консьерж кезекшілік етеді. Видеобақылаудың заманауи жүйесі «На Овражной» кешеніне бөтендердің кіріп кетуіне жол бермейді.