«Ренессанс» тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
63 000 м2
Пайдалануға берілді:
2007 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Ренессанс» 6 қабатты тұрғын үй кешеніннің сыртын өңдеуде сарай архитектурасының элементтері кездеседі.  Идея көркемділігі, мінсіз композиция, құрылымның барлық құрамдас бөліктерінің үйлесімділігі «Ренессанс» бейнесіне шын мәніндегі айбындылық пен хан сарайына тән асқан әдемілік береді. Оның өзіндік инфрақұрылымы мұқият ойластырылған, мұнда спорттық-сауықтыру орталығы, бассейн, сауна, мерекелік іс-шаралар өткізуге арналған зал, кешен тұрғындарына қызмет көрсету орталықтары бар.

 «Ренессанстың» салтанатты ланшафт әрлендірмесі, жүзім сабақтарымен өрілген перголдар, салқын фонтандар, ыңғайлы орындықтар, түрлі бейнелі бұталар мен көлеңкелі ағаш діңдері еуропалық саябақ  әсерін келтіреді.