Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
30 450 м2
Пайдалануға берілді:
2009 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Мәдени білім беру орталығы

«Шабыт» шығармашылық сарайы еліміздің басты алаңында, Тәуелсіздік алаңында, «Қазақ елі» монументімен және тәуелсіздік Сарайымен қатар, татулық және бейбітшілік Сарайына қарсы орналасқан. «Шабытпен» қатар – «Хазрет Сұлтан» собор мешіті және Қазақстан тарихының Мұражайы.

«Шабыт» шығармашылық сарайы барлық өнер түрлері үшін көп салалы оқу мекемесі болып табылады. Оның 7 қабатында дәріс залдары және аудиториялары бар Қазақстан өнерінің Университеті, спорт залы, екі концерт залы, екі түсірілім павильоны, сурет-көркем студиясы, би сыныптары, кітапхана, 4500 орынды көп салалы зал, 400,200,100 және 50 кісіге есептелген конференц-залдары, 700 орынды мейрамхана, баспасөз - конференцияға арналған зал, рәсім залы және тағы да басқалары жайғасқан.

«Шабыт» шығармашылық сарайы – белгілі орнатылым. Ол ерекше сыртқы нысанымен көңілді аулайды. Мекеменің ортасында, жағалай қалған жайлар жайғастырылған сопақ зал. Ғимарат құрылымы ең басты деңгейде бір-бірін қосатын, 7қабатқа жететін және 10 градусқа еңісті бұрышы бар 38 қуатты тірекке сүйенген.

«Шабыт» шығармашылық сарайы – Қазақстанның барлық шығармашылық адамдарын бір шаңырақтың астында біріктіретін, ірі бірегей кешен.