«Шахристан» жаңа тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
50 000 м2
Пайдалануға берілді:
2009 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Шахристан» жаңа тұрғын үй кешені – өзіндік жеке инфрақұрылымы бар аса үлкен емес жайлы шағын аудан:сауда және ойын-сауық орталығы, фитнес-клуб, мейрамхана, балабақшалар және өзгеде қызмет көрсету орындары.  

13-тен бастап 18 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер тау самалының бойымен орналастырылған, осының арқасында үйлердің азиаттық, жасыл желекті, кең есіктерінің алдында әркез самал желі есіп тұрады. «Шахристан» архитектура туындысының орталығында айрықша нақышталған бассейн бар, оның маңайын бойлай жалғызаяқ жол және амфитеатр-павильоны салынған, айналасы қоршала отырғызылған ағаштар, әсем гүлдер бірден көзге түседі.