«Бойтұмар» тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
80 000 м2
Пайдалануға берілді:
2007 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Бойтұмар» тұрғын үй кешені Алматының ең салиқалы аумағында, Әл Фараби даңғылы бойымен Қожанов көшесінің қиылысында бой көтерген.  Оның маңайында Ботаникалық бау-бақша,  гольф-клуб, «Атакент» көрме орталығы, «Бағанашыл» санаторийі орналасқан.

«Бойтұмар» 15-тен 19 қабатқа дейінгі жеті ғимараттан тұрады. Бірінші қабатта кешеннің инфрақұрылымы орналасқан: фитнес-клуб, жаттығу залы, бассейн, қызмет көрсету орталықтары, кофеханалар, мини-маркеттер.