Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
11 696 м2
Пайдалануға берілді:
2013 жил
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

Өз тілектерін орындауға мүмкіндігі барларға заманауи сән-салтанаттың берері мол – айрықша автомашиналар, дизайнерлік әшекейлер, өнер туындылары...Алайда адам өміріндегі басты материалды құндылықтың бірі болып, өз ошағы –үйі болып қала береді.

Алматының тарихи бөлігінінің бірі болып табылатын Құрманғазы көшесінің оңтүстік жағындағы Чайковский көшесінде жоғары санатты «Чайковскийдегі клуб тектес үй» салынған, бұл ең жоғары талғамды адамдардың да арманына айналған үй деп айтуға болады. Үйдің атауы өзін танытқандай. Аталмыш үй шынымен жабық клубқа ұқсайды, ол барлық жерін қамтитын, көпсатылы қауіпсіздік жүйесі бар 30 апартаменттен тұрады.

«Клуб тектес үйдің» архитектурасынан франсуз Ренессансы стилінің айқын ізі білінеді: әдемі барельефтермен безендірілген кіреберістегі айрықша айшықтар мен мұқият үйлестіріле таңдалып алынған какао түстес гранит пен травертин қолданылған. Ою-өрнектермен өрілген Француз балкондары әйнектерді көмкере келе, үйдің көркемдігі мен салтанатын айшықтай түседі, бұл ерекше үй - нағыз өнер туындысы деп ауыз толтырып айтарлықтай!

Алайда жобаның айрықшалылығы оның архитектурасында ғана емес. «Чайковскийдегі клуб тектес үйдің» презентациялық апартаменттердің ішкі көрінісі әлемге әйгілі бренд FENDI/CASA қатысуымен құрастырылған. FENDI мәдениеті мен стиліне сәйкес орындалған бөлме ішінің дизайны тек таңдаулыларға ғана қолжетімді өмірдің ерекше әсем өлшемін бейнелейді.

Еуропа архитектурасының ең үздігі мен салтанатын қабылдаған бұл үй, Алматының «Алтын төртбұрышының» алдыңғы қатарлы үйіне, ал оның апартаменттерінің – сән-салтанатты бағалай білетіндердің арманына айналғандығына сөз жоқ.