Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
19 620 м2
Пайдалануға берілді:
2014 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Білім беру кешені

Алматы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша салынған. Мектеп ғимараты білім беру мекемелеріне қатысты ең жоғары талаптарға сәйкес жобаланған және салынған.

«БАЗИС» компаниялар тобы мектеп ғимаратын салып қана қоймай, барлық оқу жайларын ең заманауи жабдықпен толық жабдықтады.

Мектепте жоғары сапалы мамандандырылған жиһаз орнатылған, оқу сыныптары интерактивті плазмалық тақталармен, ал зертханалар жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге арналған соңғы буынды жабдықпен жасақталған.

Оқу сыныптары мен зертханалардан басқа, мектепте заманауи спорт залы, асхана, қысқы бақ, эстрадасы бар акт залы, музыка кабинеті, лекция және конференц-залдар, интеграциялық және техникалық орталықтар, телестудия, кітапхана, психологиялық жеңілдену кабинеті бар.

Сондай-ақ мұнда толық жабдықталған стоматолог, педиатор, психолог кабинеттері, ем-шара кабинеті және физиокабинетерін қамтитын меншікті медициналық орталығы бар.

Оқу блоктарының бірінде нано- және биотехнологияларды, химияны, физиканы, шетел тілдерін, тарихты, географияны, математиканы, информатиканы, ЖӘД зерттеуге арналған кабинеттер, сонымен қатар, соңғы техника сөзімен жабдықталған зертхана бөлмелері орналастырылған. Оқушылар пайдалануына бейнеокулярлары бар микроскоптар, графопротекторлар, вируалды микроскоптар ұсынылған. Зертханаларда тағамдық өзара байланысты, генетиканы, адам денесін және өсімдіктер мен жануарлар өмірін, гистологияны, бактериологияны және ғылымның басқа көптеген бөлімдерін зерттеуге арналған оқушы жинақтары бар. Биотехнологиялар зертханаларында ДНҚ, электрофорез, ферменттелу, молекулалардың бөлшектенуін, саусақ іздерін талдауға арналған және басқа да жаңа материалдар ұсынылған.