«Нұрлы Тау» әкімшілік –тұрғын кешені

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
500 000 м2
Пайдалануға берілді:
2005-2010 жж.
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Әкімшілік –тұрғын кешен

«Нұрлы Тау» көпқызметті кешен Алматы әкімшілік орталығының архитектуралық жетістігі және де Қазақстан аумағындағы ең ірі қоғамдық орталықтың бірі болып табылады.  Кешен Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының жанында, Фурманова – Әл Фараби – Батыс Желтоқсан – Махатма Ганди көшелерінің төрттігінде бой көтерген, оның алып жатқан жерінің ауданы 8 гектардан асады.

Hi-Tech стилінде орындалған айрықша архитектура Іле Алатауы белестерінің бейнесін қайталайды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін көксұр түсті жарықсейілткіш арнаулы шыңдалған әйнек қолданылды. 

«Нұрлы Тау» жобасы көптеген сайыстардың жеңімпазы болып табылады, ол Архитектура және құрылыс фестивалінде Қазақстан Республикасы архитекторлары одағының Гран-приін және де  XI Архитектуралық туындылардың халықаралық сайысында Архитекторлар одағының халықаралық ассоцияциясының алтын медалін  жеңіп алған еді.

Аталмыш күрделі архитектуралық құрылыстың сапасы мен сенімділігіне көз жеткізу мақсатында, «Базис» компаниялар тобы КазНИИССА-мен бірлесе, Сейсмикалық тұрақты құрылыс бойынша ғылыми-зерттеу институты құрастырған виброқұрылғыны пайдалана отырып, кешен ғимараттарына жер сілкінісіне тұрақтылыққа бірнеше қайтара сынақ жүргізді.  Қуаты 8 балдық жер сілкінісін жасанды түрде өткізу, кешенннің барлық құрамдас бөліктерінің беріктілігін дәлелдеді.

 «Нұрлы Тау» «қаланың ішіндегі қала» қағидасы бойынша салынған, кешенннің әр бөлігі, оның тұрғындарының жайлылығына бағыттала орындалған. Мұнда спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар, кофеханалар,  Lounge-bars, дүкендері, сұлулық салондары және т.б. орналастырылған. Кешен ғимаратында төмендегідей ірі компаниялардың офистері орналасқан: «Қазмұнайхим» АҚ, «Халық банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ; Mitsubishi Corp өкілдігі, «Базис» компаниялар тобы, сондай-ақ Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өкілділіктерінің сан түрі орналасқан.