14 тамыз 2019 ж.

ARGENTO. Елорданың орталығында өмір сүріңіз!

Нұр-Сұлтанға небәрі 21 жыл. Кәмелеттік – тамаша жас. Қала өзін түрлі бастамаларда сынап көруде, барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келеді. Елорданың көкжиегі кең және түрлі қызығушылық бар. Қосылыңыздар! BAZIS-A салған жаңа ARGENTO тұрғын үй кешені – сіздің жаңа қызықты өмірге бастар өткеліңіз!

Мұнда мүлгіген табиғат пен үлкен қаланың қарбаласы секілді екі әлем тоғысады. ARGENTO табиғат пен технологияларды, мобильділік пен оңашалықты, қаланың ағымына оңай ілесу мен саябақ-жаяу жүргінші аймағының жайлылығын біріктіре отырып, өмір сүруге арналған мінсіз қалалық кеңістік жасаудың соңғы үрдістерін ұстанады. Осындай контрастты және тиімді қоспа BAZIS-A компаниясының үй салудағы 28 жылдық тәжірибесі, заманауи конструкторлық шешімдер мен тұрғын үй кешенінің өзгеше орналасуының арқасында мүмкін болды.

ARGENTO Ақмешіт пен Орынбор көшелерінің қиылысында орын тепкен. Жақын маңда Ботаникалық бақ, «Сарыарқа» велотрегі, Триумфалды арка, «Барыс-Арена», медициналық қалашық пен Тұңғыш Президент Кітапханасы тұр. ARGENTO тұрғын үй кешені – бұл қала ұсына алатын барлық жастағыларға арналған білім беру мекемелері, мансап, мәдени демалыс, ойын-сауық пен шопинг, спорт пен салауатты өмір салты секілді үздік мүмкіндіктердің бірегей комбинациясы. Осының барлығына қоса көлік қолжетімділігінің жоғары коэффициенті.

ARGENTO-ның таңдаулы және тұрпатты каскады (21 және 18 қабатты) төрт биік үйден тұрады. ARGENTO-ны қаланың қарбаласынан биік етіп тұрған street retail мен паркингке арналған орындары бар көпфункционалды стилобат. Ал онда қаланың шуы мен даланың желінен қорғалған жайлы да қауіпсіз аула жасалған.

ARGENTO қалалықтардың даралық пен өз болмысын көрсетуге деген ұмтылысын ескереді және пәтерлердің саналуан жоспарлық шешімдерін ұсынады – өз пәтеріңізді таңдаңыз argento.bazis.kz

ARGENTO – әр нәрсеге қызығыңыз,

                                жаңа нәрсеге ұмтылыңыз,

                                             елорданың орталығында өмір сүріңіз!