21 ақпан 2020 ж.

ATRIA – сіздің мінсіз әлеміңіз! жаңа кезектің сатылымының басталуы

Әр күн екіншісіне ұқсамайтын, күннің сценарииін тек Сіз ғана таңдайтын, мегаполистің шексіз мүмкіндіктеріне толы өмірді елестететіңізші. ATRIA-да мүмкіндіктер арман-тілектерге сәйкес келеді!

BAZIS-A ATRIA тұрғын үй кешенінің жаңа кезегінің сатыла бастағанын хабарлайды. Бұл – бәрі жаныңнан табылатын мінсіз әлем.

ATRIA тұрғын үй кешені Алматының ең тартымды аудандарының бірінде, Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан. Айтулы орындар мен жарқын уақиғалар әр күнді мол әсерге толтырады.

Жақын маңда орын тепкен MEGA Alma-Ata СОО үлкен шопинг, жайлы дәмханалардағы жағымды кездесулер және балалар мен ересектерге ойынсауықтың алуан түрін ұсынады. Тұңғыш Президент саябағында тыныштықта тынығу немесе жағалаудағы әсем терренкурмен серуендеу – ATRIA-да табиғатқа жақын болу оңай.

Дамыған инфрақұрылым кешеннің талассыз артықшылығы болмақ. Мектептердің, балабақшалардың, денсаулық сақтау орталықтарының жақындығы – қарбаласқа толы орта өмірдің жаңа қырларын ашады. Саябақтың көлеңкесі мол аллеяларымен серуендеу немесе жеке сауда галереясы бутиктеріндегі кішігірім променад – кешенде қажеттінің бәрі бар.

Әсем де заманауи кешенде артықшылықтардың ортасында өмір сүру – демек, ATRIA-да өмір сүру. ATRIA архитектурасы жүректерді өзінің стилі мен қарапайымдылығымен баурайды. Тік сызықтар, дәл формалар мен толығымен шыныланған бір қабаттағы бірегей инженерлік шешімдер – осының барлығы бүкіл ансамбльге ерекше динамика береді. 14 және 16 қабатты үш үй бойына қала мен табиғаттың үйлесімі идеясын сіңірген: көктің молдығы, қанық бояулар, күннің терезелерге шағылысқан шуағы мен таудың таңғажайып панорамасы.

Сіздер үшін – аумағы 66 мен 140 м2 аралығындағы кең, жарық пен жылуға толы 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер. ATRIA – бұл уақиғалардың дәл ортасындағы құпиялылық пен оңашалық атмосферасы, бұл қала мен таудың тамаша көріністерінен шабыт ала отырып өз хикаяңызды жазатын тұрғын үй кешені.

ATRIA – бәрі мүмкін болатын Сіздің әлеміңіз!