18 қазан 2019 ж.

ATRIA-да бір-біріңе жақын бол: BAZIS-A жүректерді біріктіреді

Алматыда ең тартымды орындардың ортасында толыққанды қызықты өмір сүріп, бір мезетте абсолютті оңашалықты сақтап, өзіңе және отбасыңа жақын бола алатын жер табу мүмкін бе? Иә – бұл BAZIS-A компаниясының ATRIA жаңа тұрғын үй кешені.

ATRIA-да сіздің күніңіз бой сергітетін саф ауадан, тау шыңдарының тамаша көрінісі мен ұйқыдан енді тұрып жатқан қаланың қимыл-қозғалысы көп панорамасынан басталады. Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасуы бір жағынан күнделікті шаруаларды тез әрі сапалы істеуге мүмкіндік береді, жұмысқа жетуге жұмсалатын уақыт барынша қысқартылған. Ал екінші жағынан – дағдылы қалыптан шыға аласыз. Қалалық декорацияларды қаланың ең үлкен саябағындағы немесе ATRIA-дан 10 минуттық жердегі жағалау, я болмаса, тұрғын үй кешенінің ауласындағы жеке саябақтағы отбасылық серуенге тез алмастыра аласыз.

14 және 16 қабатты үш үй кез-келген адам өзіне ыңғайлы бұрыш таба алатын оңаша кеңістікті құрайды.

Көкке ұмтылған вертикальді сызықтар, шынының молдығы мен формалардың дәлдігі заманауи үйдің силуэтін туғызады. Бір қабаттың витражды шынылануы бірегей шешім болып табылады. Бұл кешеннің архитектурасына өзіне тән динамика береді, ал пәтерлердің ішкі кеңістігіне өзгешелік, мол кеңістік пен жарық сыйлайды.

ATRIA тұрғын үй кешенінің лоббиі материал мен интерьердегі өзекті трендеттерді бейнелейді. Дизайн контрасттар ойынына құрылған: қабырғалардың ашық түстері мен еден бабынының қанық графит реңкі, декордың жылтыр беткі қабаттары мен геометриялық элементтер. Мұндай үйлесім жалпы архитектуралық тұжырымдаманың заңды жалғасы.

Үйге қарай тартып тұру үшін ол шын мәнінде жайлы болуы тиіс. ATRIA-ның ерекше атмосферасы көптеген детальдардан құралады. Автокөлік иелері үшін ыңғайлы жерасты паркингі қарастырылған. Тұрғын үй кешенінің аумағына автомобильдердің кіруіне шектеу қойылған. Сізге тек өмірдің рахатын көру ғана қалады – ATRIA-да бәрі 24/7 сағат бақылауда. Оны жеке қызмет көрсету компаниясы жасайды.

ATRIA тұрғын үй кешені – бұл тамаша орналасу, тау мен қаланың таңғажайып көріністері және аумағы 53 мен 139 м² аралығындағы жоспарлаулары ойластырылған 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлер.

Өзіңіз бен отбасыңызға ең жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерді бірге бөлісетін және бір-біріңізге жақын жүретін мінсіз үй.