11 ақпан 2020 ж.

BAZIS-A компаниясының AQ-DIDAR тұрғын ауданында салынып жатқан баспананы кепілге қойып пәтерді ипотекаға алу

BAZIS-A компаниясының Нұр-Сұлтан тұрғындары мен елордаға көшуді армандап жүргендер үшін жағымды жаңалығы! Сіздерге AQ-DIDAR пәтерлерін қосымша кепіл қоймай-ақ алу мүмкіндігі туып отыр. Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қорының (ТҚКҚ) кепілдігі, BAZIS-A компаниясы мен Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арасындағы ынтымақтастықтың арқасында AQ-DIDAR тұрғын ауданында салынып жатқан әрі сатылатын пәтерлердің өзі кепіл болады.

AQ-DIDAR тұрғын ауданы Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылы бойындағы дамып келе жатқан ауданда орын тепкен. Үйіңіздің жанында – спорт нысандары, қаладағы ірі Magnum гипермаркеті, қоғамдық көлік аялдамалары бар.

Сіздер үшін сатылымда 9 қабатты үйлердегі аумағы 36 мен 79,8 шаршы м. аралығындағы 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер. AQ-DIDAR-ды салу кезінде материалдар елорданың климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылды.

Пәтерлерде металл пластик терезелер, кіреберіс металл есіктер мен аудиодомофондар, сонымен қатар электр энергиясы, суық және ыстық су есептегіштері қойылған. Пәтерлердегі лоджиялар шыныланады. Салқындатқыштар үшін үйлердің қасбеттерінде арнайы декоративті себеттер қарастырылған.

Бірінші қабатта коммерциялық жайлар орналасады. Сонымен қатар тұрғындар серуендеу мен демалуға арналған орындары, балалардың ойын кешендері мен спорт алаңдары бар абаттандырылған аулалардың игілігін көретін болады. AQ-DIDAR тұрғын ауданында балабақша мен мектеп салу жоспарлануда.

ТҚЖБ несиелерін алу шарттары:

• Бастапқы жарна – пәтер құнының 50%-і.

• Процентттік мөлшерлеме – депозитті жинақтау мерзіміне байланысты 3,5%-тен 7%-ке дейін. Мәселен, егер жинақтау мерзімі 10 жыл болса, ал қолдағы қаражат бастапқы жарна – пәтер құнының 50%-не жетіп тұрса, – проценттік мөлшерлеме 3,5%-тен басталады.

• 7% максималды проценттік мөлшерлеме 3 жылдан соң 5%-ке дейін төмендейді.

• Қайтару мерзімі – 6 жылдан 25 жылға дейін.

• Қарыз көлемі – 100 млн теңгеге дейін.

• Қарыз алушының жасы – 18-ден 70 жасқа дейін (несиені төлеу кезеңінде).

• Депозитті 3 жылдан астам уақыт жинаған жағдайда кірісті растау талап етілмейді.

• AQ-DIDAR тұрғын ауданында салынып жатқан әрі сатып алынып отырған пәтер кепіл болады.

• ипотеканы қайтару мерзімі ішінде жалақыңызға салынатын табыс салығынан босатыласыз.