23 қыркүйек 2019 ж.

BAZIS-A компаниясының жасыл сенсациясы: METROPOLE-дің жанды үйлері!

2019 жыл BAZIS-A компаниясының ауқымды инновациялық жобасы –METROPOLE тұрғын орамымен айшықталды. Қазақстан мен ТМД елдері аумағында тұңғыш рет қасбеттерді тігінен көгалдандыру технологиясы қолданыла бастады! METROPOLE-дің жасыл қасбеттері – бұл ағаштардың қылқанды және жапырақты тұқымдарының вертикальді саябағы. Дизайнның бірегей концепті Алматының құбылмалы, контрастты ауа-райы ескеріле отырып жобаланған: күрделі инженерлік шешімдер ағаштардың 19 қабат биіктіктің өзінде өсуіне жайлы орта жасауға мүмкіндік береді!

Вертикальді көгалдандыру – әлемдік сәнді архитектуралық тренд. Ол тұрғын үй кешенінің қалалық және жергілікті жердің табиғи пейзажына мінсіз кірігуінің символы. Мәселен, METROPOLE үйлерінің қасбеттері Іле Алатауының ағаштар көкке «өрмелеген» тау бөктері түрінде жасалған.

METROPOLE-дің «жанды үйлері» балконаралық текше түрінде жасалған ерекше қасбеттік элементтердің есебінен жүзеге асырылады. Онда қылқанды және жапырақты ағаш тұқымдары отырғызылған құмыралар қойылады. Суаруға жертаған тамшымен суару жүйесі әзірленген, арнаулы бекіткіштер ағаштарды Алматының желінен қорғайды.

Ғимарат пен табиғатты біртұтас етуге мүмкіндік беретін инженерлік шешімдер бар болғаны дизайнның жаңа деталі ғана емес. Вертикальді көгалдандыру жалпы жасыл аумақты, green index қалаларды көбейтуге мүмкіндік береді. Ірі мегаполистер үнемі ізденіс барысында бұл процентті арттыра алады.

Инженерия мен өсімдіктер селекциясындағы жаңа әзірлемелер тоғысындағы технологиялық серпіліс 2014 жылы Сингапурда болды. Аумағы 2,289 ш. м вертикальді қасбеті бар Tree House зәулім үйі Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Мұнан кейінгі «ағаш-үй» идеясын австралиялықтар One Central Park зәулім үйін салғанда және италиялықтар «Тік орман» тұрғын үй кешенін тұрғызғанда жүзеге асырды.

Жасыл қасбеттер – үлкен қалалардың қажетті келешегі, олар қабырғалардың қызуын, ғимаратқа шаңның кіру деңгейін азайтады, ауаны ылғалдандырады, шу деңгейін төмендетеді. Алматылықтар METROPOLE-дің «жанды» үйлерінің қалай өсетінін алғашқылардың бірі болып тамашалайды.