12 ақпан 2020 ж.

BAZIS-A ұсынады: BASENOVA 10 тұрғын үй кешені!

2020 жылы Алматыда BAZIS-A-ның көптен күткен жобаларының бірі – BASENOVA 10 тұрғын үй кешенінің сатылымы басталды!

BASENOVA 10 – сызбалардан емес арманнан басталған жалғыз тұрғын үй кешені: «Миллион шырақ жанған және жолдар өмірлік тағдырлармен өрілген үлкен қалада жүрекке жылы орын тапқың келеді». Біз сіздер үшін осындай орынды жасадық!

Мінсіз орналасу, айтулы аудан және жайлы орта – BASENOVA 10 өзінің бойына қалалық өмірдің басты артықшылықтарын сіңірген. Тұрғын үй кешені Бәсенов көшесінің бойында, Розыбакиев көшесі мен Гагарин даңғылының ортасында орналасқан. Мұнда жайлы орналасқан үйлері және child-friendly инфрақұрылымы бар қалалық тартымды орталық қалыптасты. Тұрғын үй кешенінің іргесінде №73 мектеп-гимназия орын тепкен.

BASENOVA 10-ның орналасуы оның тұрғындары үшін сөзсіз артықшылықтар сыйлайды. Жақын маңда – балабақшалар мен мектептер, сауда-ойынсауық орталықтары мен супермаркеттер, банк бөлімшелері мен денсаулық орталықтары, отбасылық демалысқа арналған орындар мен «Атакент» көрме орталығының 30 ГА саябақ көгалы тұр. Көліктік қолжетімді жерде ең танымал сауда-ойынсауық және бизнес-орталықтар – діттеген жерге автокөлікпен 5 минутта жетіп баруға болады.

BASENOVA 10 аумағында төрт 12 қабатты үй, жаяу жүруге арналған аллеялар, айналма велосипед жолағы, street workout, балалардың ойын алаңдары мен әмбебап спорт алаңы орын тепкен. Аула-саябақ ашық, кедергісіз кеңістік принципімен жасалған және көліктер кіргізілмейді. Паркингтің рампасы абаттандырылған және ауланың ландшафтты дизайнын толықтырып тұрады.

BASENOVA 10 тұрғындары эксклюзивті концепт-жаңалық – орталық лоббидің арқасында толық оңашалықпен қамтамасыз етілген. Орталық лобби тұрғын үй кешенінің басты және жалғыз кіреберісі ретінде жобаланған және кіріп-шығуды бақылаудың электронды жүйесі мен консьерж-reception-мен жабдықталған. Лобби BASENOVA 10-ның ерекше атмосферасын да жасайды – интерьердің клубтық дизайны қаланың ресмилігінен үйдің стильді оңашалығына жеңіл ауысуды қамтамасыз етеді. Мұнда тұрғындар мен қонақтар үшін lounge қарастырылған, ал шатырда – ашық терраса жасалған!

Максималды жайлылық идеясы үйдің ішкі құрылымында да көрініс тапқан: BASENOVA 10 сіздерге аумағы 49 бен 129 м2 аралығындағы 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлерді ұсынады. BASENOVA 10 сіздерге ішкі және сыртқы дүниенің мінсіз үйлесімін, жоғары мәртебе мен нақты артықшылықтарды ұсынады. BASENOVA 10 – тұтастықтың гармониясы!