18 наурыз 2020 ж.

BAZIS-A-ның online видеокеңесі

Құрметті достар!

Сіздерге енді кеңесті видеоқоңырау режимінде алуға болатынын хабарлаймыз. Сall-центрге хабарласыңыз, кеңес туралы келісіңіз де жеке менеджердің қоңырауын күтіңіз. Барлық тұрғын үй кешені туралы бастапқы ақпаратты bazis.kz сайтынан, сонымен бірге, тұрғын үй кешендерінің сайтынан таба аласыз.

Барлық нысан бойынша толық ақпаратты алу немесе тапсырыс қалдыруды онлайн-консультант арқылы немесе call-орталығымызға хабарласу арқылы жасауға болады:

Нұр-Сұлтан +7 (7172) 688-888

Алматы +7 (727) 2 777-777

Ақтау +7 (7292) 52 51 30

Компанияның сall-орталығы бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Профилактиканың қарапайым шараларын естеріңізге саламыз:

- Қолыңызды сабынмен жиі кемі 20 секунд жуыңыз немесе антисептикалық заттарды пайдаланыңыз

- Мүмкіндігінше қолыңызбен бетіңізді ұстамаңыз, қоғамдық орындарда қол алысудан немесе жанасудан тартыныңыз

- Респираторлық гигиена ережелерін сақтаңыз

- Ауру белгілері пайда болғанда жедел желінің 1406 нөміріне хабарласыңыз.

 

Біз сіздердің қауіпсіздігіңізді ойлаймыз және осындай кезеңде пәтер таңдау және сатып алу жағымды уақиға болып қалуына бар мүмкіндікті жасаймыз.

Сіздердің денсаулықтарыңызды ойлап, қашанда сіздермен байланыста болатын, BAZIS-A ❤