19 желтоқсан 2019 ж.

BAZIS CONSTRUCTION – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ №1 ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ

«Қазақстандағы 2019 жылғы №1 құрылыс компаниясы» аталымы бойынша беделді халықтық дауыс беруде көпшілік дауыспен BAZIS-A компаниялар Тобына кіретін BAZIS CONSTRUCTION жеңіске жетті. Осы арқылы ол өзінің құрылыс саласындағы айнымас көшбасшылығын дәлелдеді.

2019 жылы BAZIS CONSTRUCTION Түркістанда бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға кірісті – соның ішінде Қожа Ахмат Яссауи кесенесі маңындағы «Әзірет-Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығын қайта қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер аллеясы мен Назарбаев көшесін қайта қалпына келтіру, Қожа Ахмет

Яссауи музейі, бассейні бар спорттық тамашалау кешені, ғылыми-әмбебап кітапхана, аттракционы бар парк секілді маңызды әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы бар. Қарабатандағы инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік астанадағы Рысқұлов пен Құлжа тракті қиылысындағы жол айырығының құрылысы аяқталды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда жоғары деңгейдегі тұрғын үй кешендері салынуда.

Компанияның табысты 28 жылы ішінде 11,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын мен әкімшілік ғимараттары, 3 миллион шаршы метр әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызға ие нысандар, жүздеген шақырым автомобиль және темір жолдар салынды. BAZIS CONSTRUCTION компаниясында 8 мыңнан астам жоғары білікті қызметкер түрлі мамандық бойынша еңбек етеді. Олар компанияның табысты дамуы мен жобалардың жүзеге асуына қызмет етіп келеді.

«Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» кезекті рет BAZIS-A бренді – бұл сенімділіктің кепілі, тамаша архитектуралық шешімдер мен құрылыстың бұлжымас жоғары сапасы екенін дәлелдеді.