27 мамыр 2019 ж.

BAZIS Construction Беларусь Республикасының Нұр-Сұлтандағы елшілігі ғимараты кешенінің құрылысын аяқтап жатыр

BAZIS Construction Нұр-Сұлтанда салған қаржы министрлігі мен көлік және коммуникациялар министрлігі, Канада елшілігі, EXPO павильондары, «Зүбаржат квартал», «Сулы жасыл желек», «ҚазМұнайГаз» АҚ кешені және басқа да көптеген әкімшілік ғимараттары мен бизнес-орталықтар елорданың көрнекті орындарына айналды. BAZIS Construction өзінің әкімшілік-азаматтық құрылысының үздік дәстүрін «Беларусь Республикасының Р.Қошқарбаев даңғылында орналасқан елшілігі» атты жаңа жобамен жалғастырып жатыр.

Елшілік қалашығы 8600 ш. м аумақты алып жатыр, оның 2384 ш. м. – құрылыс алаңы. Бірыңғай архитектуралық кешен екі 3 қабатты ғимараттан тұрады – елшіліктің әкімшілік ғимараты мен қызметкерлерге арналған тұрғын үй – және Беларусь Республикасы елшісінің 2 қабатты резиденциясы.

Ғимараттың ықшам қасбеттері травертинмен қапталған, витраждармен безендірілген. Ғимараттың кіреберісіне айшықты барельефтер мен беларусьтің ұлттық ою-өрнегі сән беріп тұр.

Жоба авторлары абаттандыруға ерекше көңіл бөлген: көгалдандыру аумағы жер телімінің аумағының 34,6%-не тең. Жобаның ерекшеліктері ескеріле отырып көпжылдық ағаштар мен декоративті бұталар мұқият таңдалды. Таза ауада демалуға заманауи ойын және спорт алаңдары қарастырылған.

Қазір ішкі әрлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жобаның аяқталуы осы жылдың шілдесіне жоспарланған. Әбден ойластырылған архитектуралық шешімнің арқасында елшілік қалашығы қалалық ортаға мінсіз үйлескен. Ол АҚШ елшілігі, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, елшіліктері ғимаратымен көрші орналасқан және елордада BAZIS Construction салған жарқын және танымал әкімшілік ғимараттарының қатарынан ойып орын алатыны анық.