12 маусым 2017 ж.

ELEMENT – Сіздің дұрыс таңдауыңыз!

Алматының Бостандық ауданы, әсіресе оның жоғарғы бөлігі қашанда қаладағы ең экологиялық жайлы аудандардың бірі саналатын. Кеңістік пен «жасыл» аймақтар мен саябақтардың молдығы, тауға жақындығы мен оның самалы, дамыған инфрақұрылым мен көлік қолжетімділігі бұл ауданды өмір сүруге тартымды ете түседі.

«БАЗИС-А» Корпорациясы тұтынушыларының қызығушылықтарын ескере отырып осында ELEMENT жаңа тұрғын ауданының құрылысын бастады. Ол Әл-Фараби даңғылы мен Mega Alma-Ata СОО төменгі тұсында, қозғалысы көп Розыбакиев көшесінен оқшау жерде, демек жол бойында орналасқан үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретін көлік шуылы мен газ түтінінен аулақта салынып жатыр.

Толыққанды өмірге қажеттінің барлығы жақын маңда. ELEMENT-тен бес минуттық жерде ойын сауықтың неше түрі бар: сәнді Mega Alma-Ata СОО, Magnum гипермаркеті, сансыз спорт клубтары мен білім мекемелері тұр. 10 минут жаяу жүрсеңіз алдыңыздан Үлкен Алматы өзені жағалауындағы терренкур шығады.

Талғамы жоғары сатып алушыны қызықтыру үшін үйдің орналасуынан да үлкен әрі үздік нәрсе керек. Мұның барлығы ELEMENT кешенінің ішінде бар. Бірінші кезекте бұл - екі балабақша. «БАЗИС-А» компаниясы жобалау кезеңінің өзінде-ақ балаларыңыздың барлық уақытта жаныңызда болуын ойластырды.

ELEMENT-тің қоршалған, бөтендер кіре алмайтын аумағы ғажайып жасыл саябаққа айналдырылған. Мұнда қауіпсіз жабынға бірнеше заманауи ойын кешендері, доп ойындарына арналған спорт алаңдары мен street workout-қа арналған заманауи көше жаттығу құралдары қойылған. Саябақ композициясының ортасындағы шағын көпірлері бар тоған осының барлығын әдемі аяқтап тұр.

Сегіз 12 қабатты үйді салу кезінде Алматы секілді сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақта тұрғын үйлер салу стандарттары ескерілген. ELEMENT тұрғын үй кешенінің өзегі – үйлердің беріктігін еселеп арттырып тұрған қуатты темір бетон қаңқа. Үйлер 9 баллдық сейсмикалық салмаққа есептелген.

ELEMENT-тің заманауи әсем архитектурасы айналадағы ландшафтпен мінсіз үйлеседі, осының арқасында тұрғын үй орамы қаланың осынау таңдаулы ауданынан ойып тұрып орын алады.

Сіздің таңдауыңызға аумағы 37 м2 мен 96 м2 аралығындағы 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің ойластырылған жоспарлаулары, сонымен қатар жерасты және қонақтарға арналған паркингтер ұсынылады.

Дәстүр бойынша құрылыс басталар алдында «БАЗИС-А» корпорациясы ELEMENT тұрғын орамы салынып жатқан жерде діни рәсім өткізді. Енді тұрғындарды амандық, көркею мен бақыт күтіп тұр деп сенімді түрде айтуға болады.

ELEMENT тұрғын үй кешені – сіздің дұрыс таңдауыңыз!