19 желтоқсан 2019 ж.

METROPOLE-дің жанды үйлері ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 2019 жылдың №1 ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ деп танылды

METROPOLE-дің жанды үйлері «Жыл инновациясы. Қазақстандағы 2019 жылдың №1 тұрғын үй кешені» аталымы бойынша тұрғын үй құрылысының үздік жобасы атанды. Мұндай жоғары марапат METROPOLE-ге Қазақстан үшін инновациялық және серпінді шешім үшін табысталды – елімізде тұңғыш рет тұрғын үйлердің қасбеттерінде тігінен жасылдандыру іске асырылады.

Табиғат адамға, ал адам табиғатқа етене жақындап келеді. Ультрасәнді архитектура мен технологиялар үйлердің қасбеттеріндегі тірі ағаштармен үйлесімді кірігеді, ал жеке саябақ аумағы алматылық тау панорамаларымен бірге тұтас дүниені құрайды.

METROPOLE-дің жасыл қасбеттері – ағаштың қылқанды және жапырақты түрлерінің вертикальді саябағы. Дизайнның бірегей концепті Алматының құбылмалы және контрастты ауа райы ескеріле отырып жобаланған: күрделі инженерлік шешімдер ағаштардың тіпті 19 қабат биіктіктің өзінде өсуіне жайлы орта туғызуға мүмкіндік береді!

BAZIS-A-ның теңдесі жоқ жобасының құрылысы 2019 жылы басталған. Бақуатты өмірдің жаңа символы оңтүстік астананың ең тартымды, сәнді әрі іскер ауданында – Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында салынуда. Сонымен, Алматыда тұңғыш рет – қасбеттердегі ағаштар, концептуальді ішкі мазмұн, жеке үлкен саябақ, street-retail галереясы және демалыс пен серуендеуге, спортпен айналысып, ойын-сауық құруға, METROPOLE аумағы мен маңында жұмыс істеу және оқуға шексіз потенциалды мүмкіндіктер.

METROPOLE – бұл ұсақ-түйектерге деген үлкен көңіл және күн сайын таудың тамаша панорамалық көріністері мен балконыңыздағы жасыл ағаштарды тамашалау артықшылығы.

Енді бұл ғажайыпты алматылықтар тамашалай алады. Тек ләззат алып қана қоймайды, METROPOLE-ДЕ ӨМІР СҮРЕТІН БОЛАДЫ!