30 қыркүйек 2019 ж.

VIVAT, «АВСТРИЯ ОРАМЫ»!

Ең батыл да жарқын идеялар классиканы қайта қорыту арқылы туады. Инженерлер мен конструкторлар дәстүрлі формалар мен заманауи мазмұнды біріктіре отырып қалалардың келбетін өзгертіп, ең атақты жаңа архитектуралық тұжырымдамаларды оқуымызға мүмкіндік береді!

Нұр-Сұлтанның ең тартымды ауданында, Есіл өзенінің оң жағалауында, Президент саябағы мен Тәуелсіздік Алаңына жақын орналасқан «Австрия орамы» тұрғын үй кешені еуропалық сарай архитектурасының жаңғыртылған қағидатын ұсынады.

Кешеннің басты ғимараты – бұл Шёнбрунн император сарайының технологиялар мен материалдарының заманауи контексіне жасалған «цитата». Қасбет әрлеу материалдарының өзгеше үйлесімімен көз тартады, архитектуралық «суреттіңә ерекшеліктері фактура мен түстердің контрастты ойынымен ұтымды айшықталып тұр. Готикалық терезелер, доғал бүйірлік қасбеттер, бірінші қабаттың аркадалық конструкциясы да атақты Вена сарайына жетелейді.

Маңғаз ұстынтізбек, мәрмардың жанға жайлы салқыны, ұстамды түс палитрасы мен қарсы алу және lounge-аймақтарының бірегей дизайны секілді үлкен әрі сән-салтанатты лоббилер (130 шаршы метр!) бөлек тоқталғанды талап етеді.

«Австрия орамының» жалпы жоспарлауында жабық аулалардың заманауи сәні ескерілген – «ішкі әлемге» бөгделер кргізілмейді, серуендеу аллеялары, балалар және спорт алаңдарында тұрғындардың жеке өмірі берік қорғалған.

2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің жоспарлаулары ауа мен жарыққа қатысты қажеттіліктер есепке алына отырып жасалған: витражды терезелер, биік қабырғалар, үлкен жалпы аумақ. «Австрия орамы» өзінің бірегей архитектуралық және дизайнерлік шешімдерімен әйгілі «Қалалық романс» ауқымды қалалық жобасының құрамына кіреді.

«Австрия орамын» таңдау арқылы оңтайлы орналасу, ерекше «сарайларға» тән сыртқы көрініс пен өмір сүруге ең қолайлы орынға ие боласыз!