18 қазан 2018 ж.

Barcelona тұрғын үй кешеніндегі «Көршілермен танысу!» Open Air Party-і

Көршілеріңізді жақсы танисыз ба? Егер танымасаңыз, ежелгі дәстүрді қайта жаңғыртатын уақыт келді! Өткен демалыс күндері Barcelona тұрғын үй кешенінің бақытты иелері Open Air Party-де жаңа көршілерімен танысты.

BAZIS-A Астанада салып жатқан «Қалалық романс» культті жобасы әлемдік архитектураның озық стильдерін паш ететін Француз, Ағылшын, Италия орамы,

ендігі құрылысы толығымен аяқталған Barcelona секілді жарқын жобалардың, Астанадағы өмір сүруге ең тартымды орындардың бірі.

6 қазанның жылы да шуақты күні Barcelona құрылысының аяқталуына орай өткен шара тек мереке ғана емес, рухтас адамдардың нағыз бір-бірімен жақынырақ танысу сәті болды.

Қонақтар мен Barcelona тұрғындары қызықты шоу-бағдарламаның әсерлі ырғақтарымен Испанияның жылы атмосферасына еніп, қызықты байқауларға қуана қатысып, жарқын сиестаның айтып жеткізгісіз эмоцияларымен сусындады! Жаңа мырзалар мен ханымдар үйдегі өмірден алған әсерлерімен бөлісті, барлық жиналғандарға алғыс айтып, көршілеріне Barcelona-да бақытты өмір сүруді тіледі.

Бүгінде Barcelona-да тек дайын пәтер алып, жаңа үйдің иесі атанып қана қоймай, сонымен қатар тату әрі бауырмал көрші табуға да мүмкіндік бар.