22 мамыр 2019 ж.

«Акварель» отбасылық орамындағы алуан түрлі бояулы Weekend

Сенбі күні BAZIS-A компаниясы ұмытылмас, қызықты, берекелі және көңілді сан бояулы Weekend-ті бірге өткізу үшін «Акварель» отбасылық орамының барлық тұрғынын жинады.

Биік өкше киген аниматорлар тұрғындардың үйлерді «бояуына» көмектесті. «Эбру» техникасымен салынған картиналар, аквагрим және балалардың сүйікті тәттілері, байқаулар, викториналар – күн шуағына шағылысқан авкарельмен бірге орындалған әсерлі шоу-бағдарлама ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Қуаныш пен шуақты шексіз тілеу жылы жүзге ұласты. Көршілер достасып, бір дастархан басына жиналған бүтін бір отбасына айналды.

Оларға болашақ тұрғындар да қосылды. Олар BAZIS-A компаниясының жеке менеджерлерімен бірге 9-шы құрылыс орнының дайын пәтерлеріне экскурсия жасады.

«Акварель» отбасылық орамына бақыты өмірдің барлық бояуы жинақталған. Әр күніңіз жарқын және ұмытылмастай болады. Бірер аттам жерде – ADK СОО мен «Сайран» метро стансасы, мектептер, дәмханалар, сұлулық салондары, жаттығу залдары, денсаулық орталықтары мен Үлкен Алматы өзенін бойлаған терренкур.

Отбасылық орамның ішкі саябағы жасыл желекке малынған. Мұнда сіз бен балаларыңыз үшін – ойын алаңдары, workout-кешендер, көршілермен әңгіме-дүкен құруға арналған жаппалар мен сәкілер және серуендеуге арналған аллеялар бар. Таяуда мұнда 2 балабақша болады. Қымбат уақытты жолға жұмсаудың қажеті жоқ. Балабақшаға баяу серуендеп қайтсаңыз – жаңа күн де берекелі болады!

Сан түрлі бояулы Weekend достық қошеметпен, бақыт пен жарқын өмір тілеумен аяқталды! «Акварель» отбасылық орамының жаңа қоныс иелерінің осынау тату командасына сіз де қосылыңыз!