28 мамыр 2019 ж.

Алматылық мектепке сыйлық

BAZIS CONSTRUCTION оңтүстік астана әкімдігінің қолдауымен Алматыдағы Абай даңғылының бойында «ЛЕГЕНДА» ерекше орамының қарсысында орналасқан О.Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназияға сыйлық жасады. BAZIS Construction 300 орындық жаңа заманауи оқу корпусын салып, ол мектеп демалысы қарсаңында пайдалануға берілді.

Мектеп корпусын салу, ғимаратты ақтық әрлеу мен аумақты абаттандыру жұмыстарын BAZIS Construction өзінің жеке қаражаты есебінен жүргізді.

Аумағы 756 м2 болатын үш қабатты монолитті ғимарат Алматының архитектуралық ландшафтымен тамаша үйлесім тапқан. Түрлі түспен жиектелген үлкен панорамалық терезелер сыртқы келбетті әдемі толықтырады. Ғимарат мектептің қалған секцияларымен жарық галереялармен жалғасқан. Жаңа корпустың айналасында бұталары мен көгалдары бар серуендеу аллеялары жасалған. Ішкі аумаққа футбол алаңы салынған. Балалар жайлы ортада білім алып қана қоймай, сонымен бірге, демалып, бір-бірімен сөйлесіп, спортпен шұғылдана алады.

Сейсмика және өрт қауіпсіздігіне, сондай-ақ, жайлардың техникалық қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл бөлінді. Өз тарапынан білім және ғылым министрлігі кең де жарық сынып бөлмелерін, зертханалар мен залдарды интерактивті дәрістер, ғылыми зерттеулер мен эксперименттерге арналған заманауи жабдықтармен жабдықтады.

1 қыркүйекте №105 мектеп-гимназияның жаңа оқу корпусы білім әлеміне есігін айқара ашады.