1 шілде 2019 ж.

Алматылық Ривьера өміршең болады!

BAZIS-А компаниясы RIVIERA атты жаңа тұрғын үй кешенін ұсынады! Тұрғын үй кешенінің бірегей форматы табиғи микроклиматты қалалық жайлылықпен, «шекарасыз үй» инфрақұрылымы мен терренкуры бар жағалаудағы жеке саябақты біріктірді.

Жағалаудың жанында, тау өзенінің жағасында тұру – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін бақыт. Табиғаттың өзі мұнда ауаға салқын самал беріп, өмірге қажетті ерекше микроклимат жасаған. Мұнда жоғалтып алған үйлесімділікке қол жеткізуге, өзіңмен өзің оңаша қалуға, су мен құстың үнін естуге немесе таңертең терренкурмен жүгіру кезінде сергектік пен күш-қуат алуға болады.

Өзен жағасындағы үй Үлкен Алматы өзенінің бойында ADK СОО жанында, Тілендиев көшесінде, Сәтпаев көшесінің оңтүстік тұсында салынып жатыр. Құрылыс басталар алдында жасалатын рәсім дәл осы жерде жүргізілді. Бұл - RIVIERA кешеніне амандық пен бақыт шақыратын мағынасы терең дәстүр. Рәсімді орындаған Ақсай мешітінің имамы Қуаныш Әбішев құрылысшыларға батасын берді.

Қаланың шуынан оқшауланған өзен жағасындағы орам белсенді өмірден де ада емес. Себебі, RIVIERA кешенінен бірер аттам жерде – шопинг, демалыс пен ойын-сауыққа ыңғайлы ADK сауда ойын-сауық кешені тұр.

Өте оңтайлы артықшылық: тұрғын үй кешені мектептер, гимназиялар мен балабақшалардың ортасында орналасқан.

RIVIERA кешенінде белсенді әрі жылдам болу оңай: дәл жанынан қаланың Сәтпаев көшесі, Абай даңғылы секілді көлік күретамырлары өтіп жатыр, бірер қадам жерде «Сайран» метро стансасы тұр.

RIVIERA кешенінің бекзат архитектуралық образы қалалық ландшафтқа үйлесімді сіңіскен. Архитектура мен табиғаттың әдемі кірігуі, экологиялық тазалық пен ашықтық таудың таза ауасы мен өзеннің самалын жұта жүріп өмір сүріп, жұмыс істеп, демалғың келетін атмосфера туғызады.

700 метрлік жағалау – бұл тек демалатын, балалармен бірге серуендейтін тамаша орын ғана емес, сонымен қатар, таңғы белсенді жаттығу үшін де керемет арақашықтық. Бұған қоса тұрғын үй кешенінің ортасында саябақ аллеясы бар. Ол – RIVIERA тұрғындарының көп келетін орны. Үйлер жабық аулалық кеңістіктерге топтастырылған. Осындай әрбір шағын саябақта заманауи ойын-сауық модульдері, ойын және workout-алаңқайлар бар. Үлкен футбол алаңы мен теннис корты таза аудағы спортты сүйетіндердің көңілінен шығатыны анық.

Тұрғын үй кешенінің аумағындағы балаларды дамыту орталығында балаларыңыз үшін адамдармен араласудың алғашқы сабақтары мен үйге жақын жерде жайлылықта

мектепке дайындалу секілді тамаша мүмкіндіктер жасалған. RIVIERA кешенінің мінсіз абаттандырылған әлемінде дүкендер, сұлулық салондары, дәріханалар, химиялық тазалау, кофеханалар секілді қажеттінің бәрі дәл жаныңызда.

Үйдің табалдырығын аттаған сәтте-ақ интерьерінде безендірудің декоративті элементтері, бағалы материалдар, үйіңіздің мәртебесін айғақтайтын жағымды түстер секілді барлық детальдары ойластырылған әсем лоббиге тап боласыз.

Аумағы 44 ш. м мен 108 ш. м болатын жоспарлаулары ойластырылған 1-, 2-, 3-, 4-бөлмелі пәтерлер стильді интерьер жасауға сұранып тұр және шексіз қиялға шеті жоқ кеңістік сыйлайды.

RIVIERA – бұл Сіздің өзен жағасындағы үйіңіз! Тыныштық пен үйлесімділіктің оазисі – бұл мәңгілікке Сіздікі! Қазықты қағыңыз!