18 шілде 2019 ж.

АРМАНҒА ЖЕТКІЗЕТІН ВИЗА

Саяхаттау культі үстемдік құрған біздің заманымыздың өзінде шетелдік төлқұжатсыз адамдар бар, енді бірінің құжатында небәрі екі-үш мемлекеттің ғана кіріп-шығу штампы болады. Бірақ, барлығының әрбір ел туралы өз түйгендері бар. Телевизия, жеке тәжірибе, елдік PR, достардың әңгімелері мен фотосуреттері бар – басымызда әлемнің ассоциациаланған картасын сызамыз.

Қытай Ұлы Қытай қорғанымен тығыз байланысқан, Бразилия – Рио-де-Жанейродағы карнавалмен, Франция – круассандарымен, ал, Голландия – қызғалдақтарымен белгілі. Әр ел өз символын қоғам санасына сіңіреді. Мысалы, 2014 жылы голландиялықтар қызғалдақтың Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған жаңа сұрыптарын шығарып, таныстырды.

Голландия туралы тағы не білеміз, қазақстандықтар осынау гүлдер державасын немен байланыстырады? Біз Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында жеке сауалнамамызды жүргіздік: сізді Голландияда не қызықтырады, ол жақта нені көргіңіз келеді, сапардан не алып қайтқан болар едіңіз?

«Солтүстік Венеция» – сауалнамамызға қатысқандардың 15%-інің ассоциациясы осындай, жел диірмендер мен ең танымал силуэттер ретінде голландиялықтардың «прәндік» үйлері – сұралғандардың 25% проценті Голландияны осы нәрселермен ассоциациялайды, шәрбат пен даршын қосылған голландиялық вафли – респонденттердің 17%-і осыны есіне алды. Көк әшекейі бар фарфор кебістер мен осындай кебіс киген қаздары бар Нильс - қалалықтардың 14%-інің жауабы осындай болды (біз олардың көңіл-күйлерін түсіріп жатпадық: Нильс Швецияға сахаттағанымен кебістер расында да формасы бойынша ұқсайды). Жайлы көшелер, жасыл желек пен гүлдер, сұрау жүргізілген елорда тұрғындарының 13%-інің ел туралы әсері осындай, тек 6%-і ғана голландия ірімшіктерін атады.

Сауалнама бізге цифрлардан басқа құнды тжырымдар да берді. Сауалнамаға қатысқандардың дені өз ассоциацияларын санамалай отырып, қиялымен Голландияда жүрді. Олардың жарқын әрі эмоцияға толы ассоциациялаулары арманға өте қатты ұқсайды! Голландия туралы арманға барлығы да қол жеткізе алады. Ол үшін не виза алуға елшілікті, не HOLLAND тұрғын үй кешенінен Голландияның бір бөлігін сатып алу үшін BAZIS-A компаниясын бетке алу қажет. HOLLAND  тұрғын үй кешені – «Қалалық романс» архитектуралық кешені аясындағы жаңа жоба. HOLLAND – бұл «еуропалық мемлекеттермен» - BARCELONA және ENGLAND тұрғын үй кешендерімен көрші болу, солтүстік классицизм архитектурасы, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің сән-салтанатты жоспарлаулары мен ішкі аулалардың дизайнерлік тұрғыда сыннан өткен жайлылығы.

HOLLAND тұрғын үй кешені – бизнес-класпен саяхаттағандай өмір!