4 сәуір 2019 ж.

Бақыт «Алмалыны» ұнатады

«Алмалының» жарық, жайлы да жылы үйлерінде бақытты жаңа қоныс иелері тұрады. Олар Алматы қаласының Б.Момышұлы көшесінде, Рысқұлов даңғылының солтүстік тұсындағы экологиялық таза және келешегі кемел ауданының барлық артықшылықтарын пайдалана өмір сүруде. Ал осы уақытта жаңа үйлер салынуда, жайлы өмірге қажетті толық инфрақұрылымды жасау жұмыстары жалғасып жатыр.

Жарқын қасбеттері бар 12 және 14 қабатты үйлер ағаштардың көлеңкесінде демалуға арналған жайлы орындары, work out және балалар алаңқайлары бар кең де қауіпсіз аулаларға топастырылған. Ғимараттар пәтерге күн барынша молынан түсетіндей етіп салынған. Пәтеріңіздің терезесінен Almaty Arena мұз сарайының, қаланың және Іле Алатауының ғажайып көріністерін тамашалай аласыз.

Domillion, Azia Park, «Апорт» сауда орталықтарының таяу орналасуы шопинг жасауға шақырып тұрады, Magnum Сash&Сarry гипермаркетінен азық-түлік пен үйге қажеттінің бәрін сатып ала аласыз.

«Алмалы» тұрғындарына кешеннің қарсысында орналасқан спорттық жарыстар, әлем жұлдыздарының концерттері мен мерекелер өтетін ALMATY ARENA мұз сарайы ерекше әсер мен эмоцияларға бөлейді. Бос уақытыңызды «Алатау» киноконцерт залында кинопремьералар мен айтулы шоуларды көріп қызықты әрі әсерлі өткізе аласыз.

«Алмалы» тұрғын ауданында 400 орындық балабақша орналасқан. Балаларыңыздың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдай жасалған: класс және ойын бөлмелері, гимнастикалық және музыкалық дәрістерге арналған зал, қауіпсіз төсеніші бар 16 балалардың ойын алаңқайы, спорт алаңқайы жабдықталған. Аумақта ағаштар, бұталар отырғызылып, жұмсақ көгал салынған.

Жайлы және ыңғайлы «Алмалы» ауданы күш-қуаты кемел, белсенді және қызықты өмір сүруге ұмтылатындарға арналған.

Өмір сүрген жақсы! Ал «Алмалыда» тұрған одан да керемет!