5 маусым 2019 ж.

«Құлжадағы» эстакада: оңтүстік бағыттағы қозғалыс ашылды!

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен BAZIS Construction бірінші вице-президенті Павел Белович Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының қиылысындағы көлік жолайырығының бірінші эстакадасындағы қозғалыстың ашылу салтанатына қатысты.

Үлкен инфрақұрылым нысанының аталған бөлігін BAZIS Construction салды және пайдалануға мерзімінен бұрын берілді. Бүгіннен бастап оңтүстік бағытта қалаға қарай қозғалыс ашық. Осының арқасында, өткізу мүмкіндігі таяу уақытта тәулігіне 50 мың автомобильден 10-15% ұлғаяды.

Үшжолақты эстакаданың тірек қабырғаларды қосқандағы жалпы ұзындығы - 850 метр. Ені 3, 75 м болатын ортаңғы және сол жақтағы жолақ пен 4 м болатын оң

жақтағы жолақ ыңғайлы ара қашықтықты сақтап, діттеген жерге тез жетуге мүмкіндік береді.

Шілде айында эстакаданың әуежай бағытындағы екінші бөлігі және Рысқұлов даңғылына кірер жолдар іске қосылады. Қазір инженерлік желілерді тарту жұмыстары жалғасуда, жақын аумақтар абаттандырылуда. 700 ағаш пен 615 бұта отырғызылды, барлығы 50 000 м2 көгалдандырылады.

Жұмыстарды 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

Алматыдағы Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының қиылысындағы жолайырығы көлік ағынын айтарлықтай азайтып, алматылықтардың жүріп-тұруын жеңілдетеді, тұтастай алғанда оңтүстік астанадағы экологиялық ахуалды жақсартады.