22 шілде 2019 ж.

BAZIS-A-дан ASTORIA: қазақстандықтар неліктен брендке сенім артады

140 мыңнан астам қазақстандық BAZIS-A компаниясын таңдады. 28 жыл ішінде компания құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшысы мәртебесін иеленді. Қазақстандағы жаңа үлгідегі үй құрылысының басында тұрған компания – осындай деңгейдегі жобаны тұңғыш рет BAZIS-A салған болатын – отыз жылға жуық уақыт ішінде жиналған баға жетпес тәжірибесін көзінің қарашығындай сақтайды және жаңа технологияларды ескере отырып оларды өзінің жобаларына қолданады. Ал BAZIS-A қалыптастырған өмір салты сапа символына айналды – сатып алушылар жоғары бағалайды, мақтаныш тұтады, өзгелерге кеңес береді… және жоғары деңгейдегі жаңа тұрғын үй кешендерін күтеді.

Шеберлікті шыңдауда шек жоқ! Іске асырылған жобалардың жеке портфолиосын қарай отырып BAZIS-Aкомандасы қазақстандықтардың «премиум» стиліндегі өмірдің мәртебесі мен салты туралы түсінігін түбегейлі өзгерту туралы амбициялық шешім қабылдады. Үздік шешімдерді іздеу мен стереотиптерден бас тартудың нәтижесінде levelupіске асты – елорда ортасында қаланың силуэтіне көрік беретін, тұжырымдамалық мазмұны мен бірегей құрамдастары бар сән-салтанат патшалығы пайда болды.

ASTORIA – күнделікті өмір форматындағы бес жұлдызды өмір идеясын бойына сіңірген тұрғын үй кешені. ASTANA OPERA қарсысында орналасқан ASTORIA бір көргеннен баурайды: анық сызықтар, жоғарғы қабаттардың панорамалық шынылануы, ар-деко стиліндегі архитектуралық сәулеттілік. Аристократиялық образ ортамен толыққан: әлемдік деңгейдегі опера және балет сахнасы, таңдаулы сауда ойын-сауық және бизнес-орталықтар, саябақтар мен алаңдар.

Архитектуралық стиль пәтер иелерінің ерекше мәртебесін айғақтайды

«ASTORIA кешенінің архитектуралық тұжырымдамасы 30-шы жылдары Америка мен Еуропада кеңінен тараған ар-деко стиліне негізделедіТұрғын үй кешенінің жобасын жасау барысында адамдардың эмоциялары туралы және не нәрсенің жылылық пен жайлылық беретіні жайында ойландықСондықтан да ASTORIA кешенінің бірегей инфрақұрылымы жасалды», – дейді бас архитектор Алексей Ивженко.

Бұл шын мәнінде өмірдің жоғары сапасына күн сайын қанығуға мүмкіндік беретін шекарасыз үй және 24/7full-service.Үйлер бір-бірімен шыны галереялармен қосылған. Олар арқылы Gentlemen’s Club, фитнес-зал немесе Kids Point-қа тез жетуге болады.

Таза ауадағы әсерлі серуенге ерекше орын қарастырылған – подиум-стилобаттың шатырында авторлық ландшафтты дизайн жобаланған, демалуға арналған кеңістіктер, балалардың ойын-сауығы мен спортқа арналған орындар жасалған.

Жерасты паркингін жобалау кезінде келлер-зат қоятын бөлме секілді қосымша опция ескерілген.

Лоббиді безендіруде табиғи материалдар, бағалы ағаш тұқымдары, декоративті элементтер қолданылды. Көпдеңгейлі жарық беру, жұқа қара графикасы бар ашық түсті еден кеңістікті бірнеше есе ұлғайтады, ал авторлық кенеп пен арт-объектілер талғампаз тұрғындар мен қонақтарды бей-жай қалдырмайтыны анық. Лоббидің 7 метрлік биік төбелері ғаламат кеңістік туғызады. Лифтілер де назардан тыс қалмаған – олар лоббидің бірыңғай интерьерлік тұжырымдамасын жалғастырады.

ASTORIAкешеніндегі ерекше мүмкіндіктер мен артықшылықтарды сезінген кезде өзіңізге шексіз әлем ашасыз. BAZIS-A компаниясының ыңғайлылық пен эстетиканың балансы сақталған бұл үйі  сіздің сән-салтанатты өміріңіздің ақтық айшығы болады. Биік төбелер, кең бөлмелер, елорданың керемет көріністеріне көрік беретін үлкен терезелер сәнді дизайн жасауға шабыт береді. Күннің шығуы мен батуы, түнгі қаланың шамдары – терезеңізден оңай тамашалауға болады.

Мәртебеңіз бен өмір салтыңыздың айнасы болатын үйді салыңыз. ASTORIA-да өмір сүріңіз!