16 мамыр 2019 ж.

Нағыз өмір сүретін жер

Жылына екі мәрте тау курортында демалуБұл сіздің қолыңыздан келедіСіз маман ретінде мұндай саяхаттың құнын білесіз – таудың ауасығаламат пейзаждар мен уақытты қызықты өткізуге арналған алуан түрлі таңдауКурортта демалып, одан ләззат алғанды жақсы көресізАл егер осындай мерекелі өмір күнделікті жағымды құбылысқа айналып, жұмыс күндерінің қалыпты жалғасына айналса ше?... Осы туралы ойланып көрелікші!

Валь-Торанс, Куршевель, Гриндевальд – Еуропадағы ең таңдаулы таулы курорттардың бірі. Бұл атақ оларға тек ішкі үздік инфрақұрылымы – ғажайып сән-салтанатты қонақүйлері, SPA-орталықтары мен үздік сервисі үшін ғана емес, сонымен бірге, орналасқан жері үшін де берілді. Шын мәніндегі ғажайып орындар – картиналарға немесе жаңа жылдық ашықхаттарға дәл осындай курорттардың суреті салынады. Ғажайып ормандар, жасыл көгалдар, көз қарықтыратын ақ қар басқан тау шыңдары – бұл жай курорт қана емес, ертегі. Осынау табиғи ұлылыққа қоса ең жақсы қонақүйлер, денсаулық орталықтары, мейрамханалар мен уақытты қызықты өткізуге арналған орындар торттың бетіндегі жидек секілді шашылып түскен.

Мұндай курорттарда демалған қандай екенін жақсы білесіздер! Алайда, өзіңізді осындай қонақүйлердің бірінің тұрақты тұрғыны ретінде елестетіп көріңізші! Ешқайда барудың қажеті жоқ – курорт айналаңызда! Тау шаңғысы керек пе – мархабат. Сауықтыру массажы ма – сіздер үшін SPA-орталықтар. Альпинизм немесе жай ғана серуен бе – табалдырықтан аттап бассаңыз жетіп жатыр. «Бұл мүмкін емес» дейсіз бе? Жауабын өзіңіз де білесіз.

Нағыз өмір сүруге арналған мұндай мінсіз жер қазірдің өзінде Алматыда бар! Дәлірек айтқанда Іле Алатауының көрікті баурайында – Қазақстанның «жаухары» Іле Алатауы ұлттық саябағының жанында орын тепкен. Бұл орын Royal Gardens тұрғын үй кешені деп аталады!

Әл-Фараби даңғылынан Дулати көшесімен жоғары көтеріліп, Тұңғыш  Президент саябағы, SPA-орталықтар мен қонақүйлердің жанынан өтсеңіз жеткілікті. Іле Алатауы ұлттық саябағының шекарасына жетпей ғажайып «Король саябағын» көресіз.

Мұнда үш қабатты үйлер қоршаған ортаға әдемі үйлескен, ал тау сүрлеулері мен күрт ылдилар тура кешеннің табалдырыған басталады. Белсенді демалыстың сан алуан түрі, мейлі ол тау шаңғысы немесе шаңғымен сырғанау болсын сізге қолжетімді. Ал ғажайып пейзаждардан, таза ауа мен бірегей флорадан ләззат алу сүйікті ісіңізге айналады.

Тау шыңдарын үйіңізде отырып қуана тамашалайтын боласыз. Себебі, Royal Gardens тұрғын үй кешені өмір сүруге мінсіз жерде орналасқан!