15 шілде 2019 ж.

Нұр-Сұлтанда жаңа мешіт ашылды

«Рахымқызы Райса ана мешітін» Нұр-Сұлтандағыв Сарыарқа ауданында «BAZIS Construction» ЖШС салды.

Жаңа діни ғимараттың архитектуралық шешімін «Базис» жобалау институты әзірледі. Құрылыстың жалпы аумағы - 2247,1 шаршы метр, құрылыс аумағы – 1651,67 шаршы метр.

Ерлерді намазханасының аумағы – 694.1м2, әйелдер залының аумағы – 249.1м2. Мешіт 700 адамға арналған. Діни мерекелер залына бір мезетте 200 адам сияды.

Жобаға биіктігі 30 метр болатын 4 мұнара, ерлер мен әйелдерге арналған намазханалар, салт-дәстүрлерге арналған зал секілді мешіттің классикалық жоспарлаулары негіз болды.

Іші де классикалық стильде жасалған: декордың нақыш элементтері, өрнекті витражды терезелер, намазханалардың тұтас кілемі мен мерекелерге арналған залдың жылтыр мраморы.

Маңайына тас төсеуіштер төселген, сонымен қатар, «Нұр-Сұлтанды көгалдандыру тұжырымдамасына» сәйкес көгалдар салынып, ағаштар отырғызылған, өне бойына саябақ аумағы жасалған.

Мешті құрылысына Lime stone әктасы, гранит, фибробетон секілді жоғары сапалы құрылыс және қасбет материалдары қолданылды. Күмбездері Patina мысынан жасалған. Анағұрлым қолайсыз табиғи факторларды зардабын көбірек тартатын элементтер металлопласт, шыныпластик, мырышталған темір секілді төзімді материалдардан жасалған.

«Рахымқызы Райса ана мешіті» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан «Туған жер» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында салынды. Нұрсұлтан Әбішұлы мешітке алғаш болып 2019 жылдың 27 маусымы күні келді. «Рахымқызы Райса ана мешіті» ресми түрде 2019 жылдың 5 шілдесінде ашылды.