7 сәуір 2019 ж.

Рысқұлов-Құлжа тракті жолайырығының құрылысы жалғасуда

Инфрақұрылымның ауқымды нысаны – Алматы қаласындағы Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының көлік жолайырығының құрылысы жүріп жатыр. Оның өткізу мүмкіндігі – тәулігіне 135 мың автомобиль. Рысқұловдаңғылы мен Құлжа трактімен әрбір жолағы 4 метр болатын 6 жолақ салу қарастырылған. Эстакаданың ұзындығы 860 метр болады. Жаяу жүргіншілер үшін ені 3 метрлік тротуарлар қарастырылған.  

Жолайырығы қаланың өткізу мүмкіндігін арттырып, Алматы қаласының Медеу ауданындағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен бірге, қаланың орталығына дейінгі жолды қысқартады.