2 маусым 2017 ж.

Табысты өмірдің басты атрибуты

Баспана сатып алу секілді адам өмірінде өте сирек, кейде тіпті бір-ақ рет жасайтын сауда болады.

Үйді таңдағанда оның бағасы, құрылыс салушының сенімділігі, орналасуы, айналасындағы ғимараттардың орналасуы, құрылыс сапасы мен ұсынылып отырған жайлылықтың деңгейі секілді өлшемдерге назар аударған жөн. Осы құрамдас бөліктердің әрқайсысы жеке емес, жиынтығы ұзақ уақыт сіздің сүйікті үйіңіз болып қалатын пәтерді сатып алуыңызға жол ашады.

Қазақстандағы ең ірі құрылыс салушылардың бірі – «БАЗИС-А» Корпорациясы Алматыда баспана таңдауда ұстанатын ең қатал деген өлшемдердің өзіне толығымен жауап беретін жаңа «Акварель» тұрғын үй орамының құрылысын бастады.

Өздеріңіз пайымдап көріңіздер.

«Акварель» тұрғын үй орамы Алматының өмір сүруге жайлы ауданында, Сәтпаев көшесінің жоғарғы жағында, Түркебаев пен Тілендиев көшелерінің ортасында салынып жатыр. Ыңғайлы көлік қолжетімділігінің арқасында жаңа тұрғын ауданның тұрғындары қаланың кез-келген тұсына оңай әрі тез жете алады.

«Акварель» тұрғын үй кешеніне ADK СОО тиіп тұр. «Акварель» тұрғын орамынан екі минуттық жерде өзенді бойлай жағалаудағы жайлы саябағы бар серуендеу терренкуры орын тепкен. Он минуттық жерде – Н. Сац атындағы жас көрермендер Театры тұр. Ол – театр сүйер қауымның культтік орны және балаларды өнерге баулудың тамаша мүмкіндігі. «Акварельдің» айналасында бірнеше жақсы мектеп, түрлі білім беру курстары, ерте дамыту орталықтары мен шығармашылық студиялары орналасқан.

«Акварель» тұрғын орамының сырт көзден таса ішкі аумағы ландшафтты дизайны, серуендеу аллеялары, демалуға аралған жайлы орындары бар ғажайып саябаққа айналдырылған. Саябақта ең заманауи көше жаттығу құралдары, спорт және ойын алаңдары орнатылған. Мұнда кез-келген адам жанына жақын нәрсесін таба алады.

«Акварель» тұрғын орамының терезелерінен Іле Алатауының әдемі көріністерін тамашалауыңызға болады!

«Акварель» тұрғын орамының маңызды басымдығы – оның аумағында екі бірдей балабақшаның орналасуы. Балаларыңыз үйдің жанында және көз алдыңызда жүреді.

«Акварель» тұрғын орамының әрбір 12 қабатты үйінің заманауи және кербез аритектурасының астында мықты монолит қаңқа жасырулы. Үйлер 9 баллдық сейсмикалық салмаққа есептелген. Қасбеттерді әрлеуге жылу сақтағыш қасиеті бар ұзақ мерзімге төзімді экологиялық құрылыс материалдары қолданылуда.

«Акварель» тұрғын орамында өмір сүрудің теңдессіз жайлылығы жасалған. Оны жеке қызмет көрсету қызметі қамтамасыз етеді. Мұнда қонақтарға арналған автотұрақ, жерасты паркингтері мен жеке заттарды сақтауға арналған шағын қоймалар қарастырылған.

Жоспарлық шешімдерді әзірлеу барысында ойластырылған және жайлы интерьер жасаудың барлық қыр-сыры ескерілген. Аумағы 39 м2 м 102 м2 аралығындағы 1, 2, 3 немесе 4 бөлмелі пәтерлерді дұрыс таңдап, өмірден ләззат алыңыз!