23 мамыр 2019 ж.

Түркістандағы жаңа ғылыми-әмбебап кітапхана

BAZIS CONSTRUCTION Түркістандағы мәдени орталықта жаңа тартымды орталық салып жатыр. 2020 жылдың өзінде әр тұрғын кітапхананың мол кітап қорымен танысып, ғылыми теориялар мен шығармашылық әлеміне бойлай алады.

Ғылыми-әмбебап кітапхана Отырар ықшамауданында салынып жатыр. Мұнда 1 га аумаққа көгалдандырылған аумағы мен кең паркингі бар үш қабатты бірегей кешен орын тебеді.

Ктапхананың архитектурасы – сәнді тенденциялардың эклектикасының мысалы: ашық түстер, табиғи материалдар мен әрбір детальдағы ecofriendly заманауи бағытының «тынысы». Үлкен сыртқы аркада шығыс сарайлары мен қаланың тарихи мұрасын еске түсіреді. Торлы жармалар Прага, Амстердам, Париж секілді әлем астаналарының кітапханаларының жарқын мысалдарын бойына сіңірген.

Кітапхананың ішкі кеңістігі архитектураның заманауи эстетикасын жалғайды – қабырғалардың ашық түстері қаланың панорамасы көрінетін витражды терезелермен толығады. Мұнда communication space тұжырымдамасы – коммуникацияға арналған кеңістіктер – ішкі аулада керемет жалғасын табады. Ашық аспан астында сүйікті романыңды оқу – бұдан артық не бар! Сонымен қатар, кітапханада уақыт өткізуге қажетті барлық жағдай жасалған – мейрамханадағы ланч немесе үзіліс жасап, жұмсақ диванда демалу. Мұнда бағалы кітаптарды сақтауға оңтайлы микроклимат жасау үшін автономды қазандық қарастырылған.

Ескі тәртіптегі оқу залдарын ұмытыңыз, заманауи кітапханалар – бұл тартылыс орталығы. Мұнда сіздер үшін үш қабатта кең галереялар, work-кеңістіктер, дәрістер мен оқуға арналған open space, конференц-холлдар, арт-студиялар, заманауи жабдықталған медиа-орталықтар, шығармашылыққа арналған балалар сыныптары және, әлбетте, мыңдаған кітаптар қойылған жүзден астам стеллаждар. Ғажайып атмосферада оқып, жұмыс істеп, демаласыз!