10 шілде 2019 ж.

«ЖАСЫЛҒА» КӨШЕМІЗ: BAZIS-A «ТІРІ» ҮЙЛЕРДІ САЛУҒА КІРІСТІ

Қалаларды тас джунгли секілді романтизациялау уақыттан қалып барады. Мегаполистер көкті көшелерге қайтарудың амалдарын қарастыруда. Табиғатпен ғаламдық жақындасу 2014 жылы Сингапурда басталды – 2 мың шаршы метрден астам вертикальді бақшасы бар Tree House көпқабатты үй Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Келесісі - Сиднейде өздерінің атақты One Central Park-і бар австралиялықтар мен Миланда «Вертикальді орман» тұрғын үй кешенін салған италиялықтар.

ТМД аумағында вертикальді көгалдандыру күні бүгінге дейін пікірталас өзегі ғана болып келген еді. Себебі, мегаполистердің көпшілігі орташа және күрт континентальды климаттық аймақтарда орналасқандықтан жобалаушылардың тек инженерлік қана емес, сонымен қатар, өсімдіктердің әдеттегіден тыс ортадағы өміршеңдігі мәселесін де шешуіне тура келеді. Жақында жасыл «тірі» үйлер Қазақстанда пайда болады! Жақын күндердегі Алматы аспанында пайда болған айшықты әуе инсталляциясы BAZIS-A компаниясының METROPOLE архитектуралық тұжырымдамасының сатылымының басталғанының белгісі еді.

METROPOLE-дің «тірі» үйлері – «жасыл» тұрғын үй орамының бірегей жобасы. Ол өзінің бойына инновациялық технологияларды, ультрасәнді архитектура мен жайлы ішкі инфрақұрылымды жинақтаған. METROPOLE философиясы – Қала мен Табиғаттың конгломераты – кешен дизайнында вертикальді және горизонтальды көрініс тапқан: үйлердің қасбеттері ағаштар «өрмелей» өскен тау бөктері стилімен жасалған, ал ішкі аумақты бөлу толығымен саябақ құрылымына бағындырылған және табиғи бауды имитациялайды.

METROPOLE-дің «жасыл» қасбеттері Алматының құбылмалы және контрастты ауа-райы ескеріле отырып жобаланған. Бұл идеяны іске асыру ағаштардың тіпті, 19-шы қабатта да өсуіне қажетті жайлы орта туғызған күрделі инженерлік шешімдердің арқасында мүмкін болды!

Алайда, өмірдің «жасылмен» көмкерілуі - METROPOLE өзінің болашақ тұрғындарына сыйлайтын артықшылықтардың бірі ғана. METROPOLE «тірі» үйлер орамы кешеннің өзінің орналасуынан бастап апартаменттерді жоспарлауларға дейінгі жайлы өмірге қатысты барлық ұсынысты біріктіреді және іске асырады.

METROPOLE Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдары және Марков пен Попов көшелерінің шаршысындағы 9 гектарға жуық аумақты алады. Орам аумағында биіктігі 12, 17 және 19 қабат 29 тұрғын үй тұрғызылады. METROPOLE апартаменттерінің бірегей жоспарлаулары жарыққа, кеңістікке және таза ауаға толы өмірге кепілдік береді.

Кешеннің ішкі кеңістігі «құрғақ» фонтандары, велосипед жолдары, спорт және балалардың ойын алаңдары бар жаяу жүргіншілерге арналған саябақ аумағы

ретінде іске асырылады. Автокөлік иелері үшін METROPOLE-де жерасты паркингі қарастырылған. Оған кіреберіс орамның өне бойындағы дублер-көшелердің арқасында қалалық трафиктен бөлек болады.

METROPOLE – шағын қала, мұнда дүкендері, дәмханалары мен мейрамханалары, бассейні бар фитнес-орталық пен SPA, сәнді саябағы бар street-retail галерея секілді өмір сүруге, жұмысқа және демалуға қажеттінің бәрі бар.

BAZIS-A компаниясының METROPOLE амбициялы жобасы – бұл қалалық кеңістіктің жаңа ұғым-түсінігі, барлық батыл армандар мен жоспарлар жүзеге асатын «болашақ қаласы»!