4 шілде 2019 ж.

Hygge стиліндегі өмір

Digital дәуірінде демалуға, өмірдің қарапайым қуаныштары мен әуестенуге уақыт таба білудің маңызы зор. Біз үшін жаңа тренд – хюгге стиліндегі өмір – ерекше мәнге ие. Барлық бақыт; амандық, сүйікті адамдардың жаныңызда болуы, алаңсыздық бір жерде. Осының бәрі үйде - онда үзіліс жасауға, босаңсуға, күш пен қуатты қайта қалпына келтіруге болады.

Хюгге стилін (норвег тілінен аударғанда hygge амандық, молшылық дегенді білдіреді) бізге даттықтар сыйлады, олар осынау қысқа сөзге өмірге деген қарым-қатынасты, оны қарапайым қуаныштарға да уақыт табылатындай етіп түзуді сіңірді.

Хюгге стиліндегі өмір қарбаласты көтермейді. Сіз ұйқыашардың емес, құстардың үнімен оянасыз. Сізді табиғат, тау шыңдары мен жасыл ормандар қоршайды. Бақыт сезімі артық «күш жұмсама-ақ» қалыптасады. Күн сайын жағымды жаңалықтармен бөлісу, фитнес-залдағы жаттығуларды өткізіп алмау, таңертеңгі жүгіру кезінде өзіңе-өзің күлімдеу, көршілермен шүйіркелесу, медитация мен жан тыныштығына уақыт арнау секілді жаңа әдеттер пайда болады… Өзіңіздің ашылмаған таланттарыңыз есіңізге түседі, себебі, шабыттану енді сіздің тұрақты серігіңіз болады!

Хюггені Алматыда енгізу мүмкн бе? Жұмыс пен шаруалармен бас қатып жүргенде кешке үйіңіздің тыныштықпен, таудың саф ауасымен, ауладағы жаппалардың жайлылығымен қарсы алатынына сенімдісіз. Уақыттың көбін балалармен футбол немесе шахмат ойнап өткізуге болады. Ересек болсаңыз да әткеншек теуіп, мини-батутта барынша биігірек секіріп, бала секілді тентек болып, көңілді ойындарға берілуден де тартынбайсыз. Тіпті, хоббитке қонаққа баруыңызға да болады, себебі, оның үйшігі сіздің үйіңіздің іргесінде.

Табиғаттың өзі таңдаған жерлер болады. REMIZOVKA тұрғын үй кешені бақыт пен алаңсыз өмірге арнап салынған. Табиғатпен сенімді қарым-қатынас идеясы архитектураға өзек етіп алынған. Сәнді қасбеттер қоршаған ландшафтпен үйлесімді біртұтас дүниені құрап тұр.

Жарық лоббиге тап болғанда дизайнда айна өзекті жез паннолар, қабырғаларды безендіруде қолданылған жылы әдемі түстер мен әлсіз жарықтандыру секілді қызықты тәсілдер мен декор детальдарын қолданған жоба авторларының талғамын түсінесіз. Жарық лифт холлдары табиғи материалдар мен табиғи түстер тақырыбын жалғастырады. Дыбыссыз лифт қажетті қабатқа жеткізеді. Әр қабатта небәрі үш пәтерден ғана бар.

Пәтеріңіздің табалдырығын аттаған сәтте-ақ жайлылық, жылылық пен нәзіктіктің ләззатына бөленіп, бұл дүниедегінің бәрін ұмытасыз! Кең бөлмелерде жарық мол, үйдің төбесінің биіктігі ауа мен кеңістік сезімін туғызады. Жатын бөлмелер қосымша ванналар мен гардероб бөлмелерімен жабдықталған. Бұл сіздің хюгге стиліндегі өмір сүріңізге мінсіз үйіңіз! Бұл жерде сіз жер бетінде бұдан артық орын жоқ екендігін түйсінесіз. Енді бұл мәңгілікке сіздің өмірлік қуатыңыздың, тыныштығыңыз бен ертеңгі күнге деген сенімділігіңіздің қайнар көзі.

Өмірге деген махаббатпен, әрбір күннің қарапайым әрі жарқын қуаныштарымен толтыру үшін қас-қағым сәтті тұсаулаңыз!