7 шілде 2019 ж.

ЖЫЛ ОН ЕКІ АЙ КУРОРТ

Алматының қақ ортасында орналасқандығымен мақтана алатын тұрғын үй кешендері бар. Сол секілді мегаполистің дәл шекарасында – Іле Алатауының сұлу баурайында арнайы тұрғызылған Royal Gardens бар. Бұл – курорт тұрпатты кешен. Назарларыңызға Royal Gardens-тің неліктен өмір сүруге мінсіз жер екендігінің бес себебін ұсынамыз!

Керемет орта

Royal Gardens Алматыда, Дулати көшесінің жоғарғы жағында, Әл-Фараби даңғылынан 10 минуттық жерде орналасқан. Курортты өмір мұнда тұрғын үй кешеніне кіреберістен басталады. SPA-орталықтар, мейрамханалар, бутик-қонақүйлер. Таудың ғажайып пейзаждарын тамашалау ғана емес, сонымен қатар, уақытты қызықты өткізудің де сансыз мүмкіндігі!

Белсенді демалыс

Курортты өмірдің дәстүрі тұрғын үй кешенінің аумағында жалғасын табады. Royal Gardens әлемнің үздік таулы курорттарының бірегей ішкі инфрақұрылымын сақтап қалған және жарқын экспириенстің сан алуан түрін ұсына алады. Белсенді демалыс үшін кешеннің аумағында бірнеше спорт алаңы, мини-футбол, қол добы ойындары мен теннис алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар, сіздерге – таулы хайкинг, альпинизм, шанамен сырғанау, шаңғы мен коньки тебу ұсынылады. Royal Gardens-тегі қызықты өмір бүкіл отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлайды!

Релаксация

Royal Gardens-тің қақ ортасында сіздер үшін ашық аспан астындағы үлкен жылытылатын бассейні бар SPA-аймақ бар. Тынығып, күнге қыздырынғыңыз келе ме – мархабат! «Таза ауадағы фитнес» пе? Мұнда жүгіру жолақтарының желісі қарастырылған! Достарыңыз бен көршілеріңізбен барбекю ұйымдастырғыңыз келеме – Royal Gardens-те осындай демалысқа арнайы орындар бөлінген! Серуен үшін таудың сұлу көріністерін тамашалауға саябақ аумағы жасалған.

Royal Gardens аумағында табиғи ландшафт барынша сақталған. Рельефтің табиғи құламалары көрінісі әсем ладншафтты композициялармен безендірілген. Мұнда 15 000-нан астам ағаш пен бұта отырғызылған! Royal Gardens-тің сәулетті бағына аяқ басқаннан-ақ архитектуралық кемеңгердің әрбір сызық орнымен аяқталатын, тіпті, алғаш қарағандағы болмашы детальдардың өздері қайталанбас стильді құруға атсалысып жататын әлеміне тап боласыз. Тұрғын үй кешенінің аумағы қоршалған және күні-түні бақылауда. Бұл – өміріңіздің барынша оңаша екендігін білдіреді.

Балаларға арналған ойындар

Балаларыңыз үшін Royal Gardens-те ерекше орта жасалған. Курортты жерде өмір сүру мүмкіндігі белсенді ойындар мен спортпен шұғылданудың сансыз мүмкіндігімен үйлеседі. Балалардың ойын кешендері экологиялық таза жабынға орнатылған, роллердром мен веложолақтар уақытты барынша таза ауада көбірек өткізуге мүмкіндік береді.

Сән-салтанатты апартаменттер

Royal Gardens-тегі апартаменттер қонақүйлердің люкс нөмірлерінен немесе қонақ күтетін үйлерінен кем емес. Тұрғын үй кешенінде сіздер үшін аумағы 160 пен 222 м2 болатын 4 бөлмелі пәтерлер бар. Үйлер – үшқабатты, ал әр қабатта бары-жоғы екі не үш пәтерден ғана болады. Бұл – өміріңіздің оңашалығының сақталатындығын білдіреді.

Сән-салтанатты пәтерлердің жарқын ерекшелігі – кең террасалар. Ол жерден Іле Алатауының ашықхат сыртындағы әдемі суреттен жаңа түсе қалғандай таңқалдырарлық тау пейзаждары керемет көрінеді! Сонымен, Royal Gardens-тегі өмірдің әрбір сәті кемелділікпен көмкерілген деп сенімді түрде айтуға болады! Демек, осында қоныстанғаннан кейін сіз «Жыл он екі ай курорт» сөзінің барлық артықшылықтарын толығымен сезінетін боласыз!