BASENOVA10 тұрғын үй кешені

 

«Basenova 10» – BAZIS-A компаниясының жаңа тұрғын үй кешені, «мегаполистегі тыныш өмір» концептінің архитектуралық тұрғыда жүзеге асырылуы. Қаланың көне аудандарының бірінде орын тепкен ол оңтүстік астананың рухы мен ерекше ауанын сақтай отырып Алматының қалыпты келбетін жаңартады.

 «Basenova 10» Бәсенов көшесінде, Розыбакиев көшесі мен Гагарин даңғылының ортасында тұр. Бұл аудан отбасылық өмірге қолайлы: №73 мектеп-гимназия тиіп тұр, бірер қадам жерде пошта және банк бөлімшелері, «Сана» және «Достармед» секілді танымал медициналық орталықтар, «Пифагор» мектебі орналасқан. Оның «Атакент» көрме кешеніне жақын орын тебуі – сөз жоқ, бонус. Автокөліктерден ада 30 гектардан астам жасыл желек пен серуендеу аллеялары – жексенбілік уақыт өткізудің тамаша жолы.

«Basenova 10» жобасына ғимараттың барлық жүйесі мен жайларының өзара мінсіз байланысы принципі өзек етіп алынған. Төрт 12 қабатты үй жерасты бір деңгейлі паркингпен жалғанған. Мұнда паркинг пен тұтастай алғанда тұрғын үй кешенінің қауіпсіз қызметін қамтамасыз ететін инженерлік жүйелер мен техникалық жайлар орналасқан. Паркингтің шатырында жаяу жүргіншілер аллеялары мен айналма велосипед жолағы, street workout, балалардың ойын алаңдары мен әмбебап спорт алаңдары бар.

Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Орталық лобби – кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі! Интерьер дизайны қаланың ресми тірлігінен жеке үйдің жұмсақ ауанына жеңіл өтудің белгісі іспетті. 470 см биік қабырға мен витраждың қараңғылатылған шынысы өзгешелік, оңашалық пен қорғалғандық сезімін сыйлайды. Лоббиде кешен тұрғындары мен қонақтарына арналған lounge, консьерж тұрынтағы мен бүкіл тұрғын үй кешенінің аумағына өткізу жүйесі бар!

«Basenova 10» кешенінің ішкі кеңістігі де функционал мен эргономикалық эстетикаға басымдық бере отырып жасалған. 300 см биік қабырғалар мен 240 см дейінгі үлкен терезелер тұрғын кеңістікті тиімді пайдалануға тамаша мүмкіндік береді, ал аумағы 49 бен 129 м2 аралығындағы 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлердің функционалды жоспарлық шешімдері жаңа құрылған отбасылар үшін де, үлкен шаңырақтар үшін де ұтымды нұсқаны таңдауға жол ашады.

 BAZIS-A компаниясының «Basenova 10» жаңа тұрғын үй кешені сіздерді күтеді!

 

*  Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 24.01.2020 жылғы №119 рұқсат (2,1 - ноқаттар). Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 24.01.2020 жылғы №120 рұқсат (3, 4, 5 - ноқаттар). Құрылыс салушы: «BAZIS-A Corp.» ЖШС.  Уәкілетті компания: «Diamond Line» 

** Ұсынылған фотосуреттер мен 3D-иллюстрациялар, жоба мен пайдаланылатын материалдар, пәтерлердің жоспарлық шешімдерінің сипаттамасы, кешеннің инфрақұрылымы мен абаттандырылуы тұрғын кеңістікті ұйымдастырудың үлгісі болып саналады және құрылыс пен пайдалану барысында өзгертілуі мүмкін.