HOLLAND Нұр-Сұлтанда, оң жағалауда, Тәуелсіздік даңғылында орналасқан. Жақын маңда Президент саябағы, Қазақстанның Ұлттық музейі, Тәуелсіздік алаңы, бейбітшілік пен келісім Сарайы, сауда-ойын сауық кешендері орын тепкен. 

HOLLAND айшықты сатылы фронтондар, дәстүрлі шығыңқы элементтері бар шатырлар, кең парапеттер, декоративті карниздер секілді солтүстік классицизм архитектурасындағы бар жақсыны бойына сіңірген. Қасбеттегі голландиялық үйлердің силуэттері - шабыт кернеген сәулетшілердің финалдық аккорды секілді.  

HOLLAND-тың ішкі жабық саябағы серуендеу мен балалармен ойнауға, демалыс пен спортпен шұғылдануға керемет жер болады. 

HOLLAND аумағы бөгделер үшін жабық. Қауіпсіздіктің кәсіби күзет, кіріп-шығуды бақылау мен күні-түні видеобақылау секілді көпдеңгейлі жүйесі өмір сүрудің оңашалығын толығымен қамтамасыз етеді. 

HOLLAND тұрғын үй кешені – елорда ортасындағы еуропалық өмірдің сәнді коктейлі «Қалалық романс» культтік жобасының жалғасы.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2020 ж. сәуір/

Пәтер иелері үшін жерасты автотұрағы, ал қонақтарыңыз үшін жерүсті паркингі қарастырылған. Ландшафтты дизайнды күтіп-баптауды, автоматты инженерлік желілерді бақылауды тәжірибелі қызмет көрсету компаниясы қамтамасыз етеді.

Сәнді әрлеуі бар таңдаулы лобби голландиялық стильмен таныстығыңызды ары қарай жалғастырады. Интерьердің әсем детальдары бір-бірін үйлесімді толықтырып, жоғары деңгейдегі жайлылықты туғызады.

HOLLAND-та сіздерді аумағы 48 бен 133 м2 аралығындағы 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлер күтіп тұр.

* Кепілдік беру жөніндегі 22.02.2019 ж. №КБК -19-01-001/013 (4, 5, 6, 7, 15.1 құрылыс орындары) келісім-шарт. Құрылыссалушы: «BAZIS-A Corp.» ЖШС. Құзыретті компания: «Amsterdam city» ЖШС.

** Ұсынылған фотосуреттер мен 3D-иллюстрациялар, жоба мен пайдаланылатын материалдар, пәтерлердің жоспарлық шешімдерінің сипаттамасы, кешеннің инфрақұрылымы мен абаттандырылуы тұрғын кеңістікті ұйымдастырудың үлгісі болып саналады және құрылыс пен пайдалану барысында өзгертілуі мүмкін.