METROPOLE тұрғын үй кешені

 

Болашақтың қаласына барып қайтуды армандаған кезіңіз болды ма? Ультрасәнді мегаполистің тұжырымдамасы көк шөпке малынған биік ғимараттармен әдемі үйлесім тапқан жарқын әлемде…

BAZIS-A Алматыда оңтүстік астананың Әл-Фараби мен Сейфуллин қиылысында мінсіз орналасқан METROPOLE секілді сән-салтанатты өмірдің жаңа символын қалыптастырып жатыр.

Енді осынау әсқан әдеміліктен сіз де ләззат ала аласыз.

Тек ләззат алу ғана емес, METROPOLE-де ӨМІР СҮРУ!

METROPOLE Сізге заманауи мегаполистегі өмірдің жаңа ұғымын сыйлайды. Мұнда ультрасәнді архитектура мен технологиялар үйлердің қасбеттеріндегі ағаштармен әдемі үйлеседі, ал тау пейзаждары бар жеке саябақ аумағы олармен бірге біртұтас дүниеге айналады. Табиғат адамға, ал адам табиғатқа одан сайын жақындай түседі.

METROPOLE орын тепкен Әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысы жаңа сән әрі іскерлік бағдарына айналғалы қашан. Бұл маңда белсенді және мазмұнды өмірге арналған керемет мүмкіндіктер шоғырланған. Оңтүстік астананың ең тартымды жерінде өмірдің барлық қызықшылығын көріңіздер! METROPOLE-дегі өмір қашанда жарқын уақиғаларға толы.

METROPOLE шопинг пен ойын-сауық орталықтарының ортасында тұр. Street-retail жеке галереясы демалыс пен жаңа әсер алу мүмкіндіктерін толықтыра түседі. Мұнда сіз өз ережелеріңіз бойынша өмір сүресіз!

Дәмханалар мен мейрамханалар, барлар мен наубайханалар – METROPOLE алдыңыздан аспаздықтың ғажайып әлемінің есіктерін ашады! Street-retail-дың жазғы дәмханасындағы ланч, кофе мен круассан, кешкі жеңіл променад, таңдаулы мейрамханадағы кешкі ас… Өмірдің ләззатына оның барлық дәмін сезіне алатын нағыз талғампазға айналғаныңда ғана қаныға аласың

METROPOLE тұрғын үй кешені Алматыда, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Марков пен Попов көшесі шаршысында салынып жатыр.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Залда немесе таза ауада спортпен шұғылданып, ләззат алу дейсіз бе? METROPOLE-де сіз үшін аумақта жеке фитнес-орталық, street-workout-алаңдар, әмбебап ойын алаңы, жүгіру және велосипед жолақтары дайын. Үйіңізге жақын маңда – көптеген фитнес және SPA-орталықтар бар.

Үй мен жұмыстың немесе оқудың арасына кететін уақыт санаулы ғана минуттарды алады – оны сіз жеңіл серуенмен өткізе аласыз. METROPOLE қаржы және іскерлік әлемінің, таңдаулы зияткерлік мектептер мен еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының қоршауында орын тепкен.

METROPOLE-де оңтүстік астананың ең тартымды бөлігінде орналасу мен таулардың көз тартар тамаша көріністері, қасбеттердегі тігінен көгалдандыру тұжырымдамасы мен үлкен ішкі саябақ, құрылыстың экологиялық технологиялары мен табиғи материалдар секілді барлық артықшылықтары жинақталған.

METROPOLE 12, 17 және 19 қабатты үйлерден тұратын тұрғын үй орамы, үйлер апартаменттеріңізді күннің шуағымен, таза ауамен, әдемі тау көріністерімен қамтамасыз ететіндей орналасқан.

METROPOLE-де паркингке кіріп-шығу ыңғайлы болуы үшін көліктерге айналма қозғалыс жасалған.

METROPOLE – бұл жарқын әрі малындыра көгалдандырудың, авторлық ландшафтты дизайн мен серуендеу, демалу мен ойын-сауық аумағы.

 METROPOLE-де ойын-сауық құру мүмкіндігі бәріне де табылады! Кешкі және түнгі уақыттағы саябақты жарықтандыру мен ғимаратқа берілетін жарық жайлылық пен үйлесімділіктің қайталанбас атмосферасын туғызады.

METROPOLE архитектурасы болашақтың идеяларын бүгінгі үдерістермен үйлестіре отырып бойына сіңірген. METROPOLE-дің сыртқы келбеті жарық пен көлеңкенің динамикасы мен жанды ойынымен толыққан. Алматыда тұңғыш рет: вертикальді көгалдандыру үйіңіздің кеңістігін қалыптастыруда эксклюзивтік нүкте қояды! Көгалдандырудың бірегей тұжырымдамасы METROPOLE-ді мегаполистің жалпы панорамасында ерекшелейді. Қасбеттердің панорамалық терезелері бар тік сызықтары ағаштар отырғызылған шығыңқы подиум-балкондармен қиылысады. METROPOLE-да көрініс тапқан түсі және фактурасы әр түрлі материалдар мен ағаштардың үйлесуі секілді заманауи эклектика Алматыны бағындыруда!

METROPOLE архитектурасының заңды жалғасы – сән-салтанатты лобби. Стильді интерьер сіздің мәртебеңізді айқындайды! Түзу сызықтар, экологиялық таза табиғи материалдар, декор мен жарықтандырудың сәнді акцентті элементтері, қанық түстер – атмосфера бейқамдыққа шақырып, қажетті көңіл-күй туғызады.

METROPOLE-ДЕГІ апартаменттер – сіздің әлемді тануыңыздың көрінісі. Жоғарыға ұмтылған төбелер мен панорамалық терезелер ауа мен жарыққа толы шексіз кеңістікті құрайды. Таудың живописьтік көріністері, терезе сыртындағы табиғат тынысы мен балкондағы көктеген ағаштар эстетикалық ойларды толықтырады. Ал сіздің биік талғамыңыз, стильді сезінуіңіз бен армандарыңызға деген сенімділік сәнді, көпқырлы интерьер жасаудағы ақтық көмкеру болмақ.

METROPOLE тұрғын ауданында сіздер үшін – аумағы 51 м2 мен 146 м2 аралығында болатын жоспарлаулары ойластырылған 1,5, 2, 3, 4 бөлмелі апартаменттер.

Детальдарға маңыз беру және күн сайын таудың панорамалық көріністері мен балконыңыздағы ағаштарды тамашалау артықшылығы.

Аматының жарқын болашағының бір бөлшегі болыңыз!

 

*Үлескерлердің қаражатын тартуға 22.05.2019 ж. (2 ноқат) берілген №84 рұқсатнама. Үлескерлердің қаражатын тартуға 22.05.2019 ж. (1 ноқат) берілген №85 рұқсатнама. Құрылыс салушы: "BAZIS-A Corp." ЖШС. Уәкілеттін компания: «Sapphire Stroy»

** Ұсынылған фотосуреттер мен 3D-иллюстрациялар, жоба мен пайдаланылатын материалдар, пәтерлердің жоспарлық шешімдерінің сипаттамасы, кешеннің инфрақұрылымы мен абаттандырылуы тұрғын кеңістікті ұйымдастырудың үлгісі болып саналады және құрылыс пен пайдалану барысында өзгертілуі мүмкін.