СІЗДІҢ ӨЗЕН ЖАҒАСЫНДАҒЫ ҮЙІҢІЗ

RIVIERA тұрғын үй кешені Алматы қаласында, Үлкен Алматы өзенінің бойында, ADK СОО оңтүстігінде орналасқан. Жолдан оңтайлы оқшау орналасуының арқасында RIVIERA өзен жағалауындағы оңаша орамның жеке-даралығын сақтап қалып отыр.

RIVIERA кешенінің бірегей артықшылығы – өзен мен терренкуры бар ұзындығы 700 м жағалауға жақындығы. Бұл - демалуға, балалармен бірге серуендеуге және таңертеңгі жүгіруге тамаша орын. 

RIVIERA кешенінен бірер аттам жерде шопинг, демалыс пен ойын-сауыққа мүмкіндіктері үлкен ADK сауда-ойын-сауық кешені тұр. Тұрғын үй кешенінің жанында мектеп, гимназиялар мен балабақша көп. Тұрғын үй кешеніне жақын жерде HOCKEY WORLD Мұзды Аренасы орын тепкен. 

RIVIERA тұрғын үй кешені Алматы қаласында, Үлкен Алматы өзенінің бойында, ADK СОО оңтүстігінде орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың ақпан айы.

RIVIERA кешенінің бай архитектуралық образы қалалық контекст пен табиғи  ландшафтпен әдемі үйлескен. 28 биік үй жабық аула кеңістіктеріне топтастырылған. Әрбір осындай аула-саябақта – жасыл саябақ аллеялары, замануи ойын-сауық модульдері, ойын және workout-алаңқайлар бар. RIVIERA тұрғындарының құзыретінде – әмбебап спорт алаңы.

Riviera аумағында балаларды дамыту орталығы бар. Онда мектепке әзірлік жасауға, дәрістер мен демалуға барлық жағдай жасалған.

Автоәуесқойлар үшін жерасты паркингі қарастырылған. Қоршалған аумақ пен қонақтарды өткізу жүйесі мұндағы өмірдің оңашалығын қамтамасыз етеді. Кіріп-шығуды бақылау мен күні-түні күзету тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі.

Сіздің таңдауыңызға – жоспарлаулары оңтайлы, терезелері үлкен, төбесі биік, аумағы 40 пен 120 м2 аралығындағы 1-, 2-, 3-, 4 бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Мұнда сіз бақытты өмір сүруге қажетті мінсіз кеңістік жасай аласыз.

*Үлескерлердың қаражатын тартуға берілген  № 72 рұқсатнама (1 ноқат) 4.03.2019 ж.,  № 73 рұқсатнама (2 ноқат) 4.03.2019 ж., № 90 рұқсатнама (3 ноқат) 9.07.2019 ж., № 104 рұқсатнама (4 ноқат) 23.10.2019 ж. Құрылыс салушы:  «BAZIS-A Corp.» ЖШС   Өкілетті компания:  «Clover Construction» ЖШС.  

** Ұсынылған фотосуреттер мен 3D-иллюстрациялар, жоба мен пайдаланылатын материалдар, пәтерлердің жоспарлық шешімдерінің сипаттамасы, кешеннің инфрақұрылымы мен абаттандырылуы тұрғын кеңістікті ұйымдастырудың үлгісі болып саналады және құрылыс пен пайдалану барысында өзгертілуі мүмкін.