BAZIS-A компаниясының Нұр-Сұлтандағы ауқымды жобасы - AQ-DIDAR тұрғын ауданы өмір сүруге, демалыс пен ойынсауыққа үлкен мүмкіндіктер береді. AQ-DIDAR-дың ұсақ-түйекке дейін ойластырылған ішкі инфрақұрылымы елорданың болашағы үлкен және дамып келе жатқан ауданындағы жайлы өмір туралы түсінігіңізді өзгертеді.

AQ-DIDAR тұрғын ауданы Тұран даңғылының бойында, Ұлы Дала мен Керей-Жәнібек хандар даңғылының ортасында, «Барыс Арена» мұз сарайының батыс тұсында орналасқан.

Тұрғын ауданның аса ыңғайлы орналасуы, елорданың негізгі спорт және мәдени доминанттарына жақын орын тебуі AQ-DIDAR-ды танымал әрі өмір сүруге қолайлы жер етеді!

AQ-DIDAR-дың жанында бірнеше жалпы білім беру мектебі, балабақша, өнер Орталығы, Қазақстанның Ұлттық музейі, концерт залы, MEGA Silk Way СОО, EXPO, сондай-ақ, «Алау» мұз сарайы, «Астана Арена» спорт кешені, «Барыс-Арена» мұз сарайы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі орналасқан. AQ-DIDAR тұрғын ауданына жақын маңда Қазақстандағы жалғыз Ұлттық хореография академиясы орын тепкен.

AQ-DIDAR тұрғын ауданының үйлері пәтерлерге күн шуағы мен жылуы молынан түсетіндей етіп орналасқан. Жеке инфрақұрылым үйіңіздің аумағынан шықпай-ақ қызықты әрі мазмұнды өмір сүруіңізге мүмкіндік береді. AQ-DIDAR тұрғын ауданының аумағында демалыс, серуендеу мен спортпен шұғылдануға арналған орындар қарастырылған. Сырғанақтары мен әткеншектері бар ойын кешендері мен спорт алаңдары жолдан жырақта орналасқан.

Бүгінгі күні «Ақ-Дидар» Астанадағы кешенді құрылыстың ең келешегі зор нысандарының бірі саналады.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Құрылысының аяқталу мерзімі - 2019 жылдың желтоқсан айы.

AQ-DIDAR тұрғын ауданында жеке балабақша мен мектеп болады. Тұрғын аудан үйлерінің бірінші қабаттарында әмбебап сауда жайлары қарастырылған. Мол инфрақұрылым тек күнделікті міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар, өзіңізге және жақындарыңызға уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

AQ-DIDAR тұрғын ауданының жарқын табиғи түсті қасбеттері бар заманауи архитектурасы қоршаған ортамен әдемі үйлеседі. Шынымен қапталған лоджиялар мен салқындатқыштарға арналған декоративті себеттер үйлердің стильдік шешімдерінің сақталуына мүмкіндік береді. Әр үйде лифт бар.

Құрылыс заманауи технологиялар бойынша салынуда – монолитті темірбетон қаңқа үйлердің беріктігін қамтамасыз етеді. Құрылыс материалдары қаланың климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып пайдаланылады.

Біз тек сапалы техникалық шешімдерді ғана қолданамыз және пәтерлерді өмір сүрудің заманауи стандарттары мен болашақ тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып саламыз.

AQ-DIDAR тұрғын үй кешеніне жеке сервистік компания қызмет көрсетеді. Кешеннің барлық инженерлік жүйелері мамандардың күні-түні бақылауымен жұмыс істейді.

AQ-DIDAR тұрғын ауданын шынымен қаптауда металл пластик терезелер қолданылуда. Берік кіреберіс есіктер қойылған. AQ-DIDAR тұрғын ауданында өртке қарсы хабар беру жүйесі, аудиодомофондар, кіреберістерге видеобақылау орнатылған.

Баспана сатып алу – әрбір отбасының өміріндегі маңызды уақиға. Шешімді ерекше жауапкершілікпен қабылдаңыз да AQ-DIDAR тұрғын ауданын таңдаңыз! Үйіңіздің интерьерін жасауда өзіңіз армандаған идеяларыңызды іске асырыңыз. Сіздер үшін аумағы 36 мен 79 м2 болатын 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер. Қабырғаның биіктігі – 2,65 м.

AQ-DIDAR тұрғын ауданы – Нұр-Сұлтанның жаңа дамып келе жатқан ауанындағы ең тиімді қолжетімді ұсыныс!

* Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 27.08.2019 жылғы №30 рұқсатнама (4-8 ноқат). Құрылыс салушы: «BAZIS-A Corp.». ЖШС. Өкілетті компания: «Ак Дидар» ЖШС.

* Ұсынылған фотосуреттер мен 3D-иллюстрациялар, жоба мен пайдаланылатын материалдар, пәтерлердің жоспарлық шешімдерінің сипаттамасы, кешеннің инфрақұрылымы мен абаттандырылуы тұрғын кеңістікті ұйымдастырудың үлгісі болып саналады және құрылыс пен пайдалану барысында өзгертілуі мүмкін.